Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы" КММ

  ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы – Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша Жастар жылы аясында колледждерді 100 аса талап етілетін мамандықтар бойынша жаңғырту және білікті мамандарды даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу мақсатында «Жас маман» республикалық жобасын (бұдан әрі-Жоба) іске асыру жүргізілуде.Жоба ережелеріне сәйкес ШҚО әкімінің 2.10.2019 жылғы № 87-ө өкімімен жобаны іске асыру жөніндегі өңірлік комиссияның құрамы бекітілді.2019 жылғы 18 қазанда өңірлік комиссияның бірінші отырысында 10 колледж - жобаның әлеуетті қатысушыларының тізімі бекітілді.Өңірлік комиссияның 2019 жылғы 1 қарашадағы шешімімен өңірдегі жұмыс берушілермен келісілген ТжКБ ұйымдары үшін сатып алынатын жабдықтардың тізбесі қаралды.«Жас маман» жобасын сапалы жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі арасында жабдықтарды орнату үшін үй-жайларды дайындау, қажетті коммуникациялар мен инфрақұрылымды жеткізумен жөндеу жұмыстарын жүргізу, тиісті жиһазбен қамтамасыз ету бөлігінде Меморандумға қол қойды.Қазіргі уақытта 3 колледждің (Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Электротехникалық колледжі, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық колледжі) құзыреттілік орталықтары ғимараттарының жабдықтарын орналастыруға дайын. 2 колледждің ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде (Көлік колледжі - 2020 жылдың 1 маусымына дейін, Риддер аграрлық-техникалық колледжі - 2020 жылдың 5 шілдесіне дейін).2019 жылдың 6 желтоқсанынан бастап жобаға қатысушы колледждер ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес жабдықтар сатып алу жұмыстарын бастады.14 мамырдағы жағдай бойынша ШҚО бойынша 64 лоттан 47 лоттың жабдықтарды сатып алу бойынша конкурстық рәсімдері аяқталды, оның ішінде 40 шартқа қол қойылды. 11 лот бойынша жабдықты жеткізу жүзеге асырылды. Жалпы, Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Жас маман» жобасының орындалуы бүгінгі күні 73,4 % құрайды.Бұдан басқа, колледждер міндетті түрде мәслихат депутаттарын, өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды енгізе отырып, жабдықтарды қабылдау жөніндегі жұмыс тобының құрамын қалыптастырды.Жұмыстар жалғасуда.

Бұйрық Жас маман

Ереже Жас маман

Шығыс Қазақстан облысында «Жас маман» жобасын іске асыру