Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы" КММ

2015-2016 оқу жылында ШҚО ТжКББ жүйесінің 67 колледжінде жетім балалар саны 843 баланы құрады, оның ішінде 619 бала интернаттық ұйымдар оқушылары, 230 бала патронаттық ұйымдардың жүйелі демеуімен қамтамасыз етілгендер.

2015 жылы ТжКББ оқу орындарынан 230 жетім бала оқуларын тәмәмдап, алғашқы жылы жұмыспен 60,4 % (139 бала) түлек қамтылған. Ал, 2016 жылы ТжКББ оқу орындарынан 201 түлек шығарылып, 129-ы жұмысқа орналасқан, бұл түлектердің жалпы санының 64,2%-ын құрайды (01.07.2016 жыл мерзіміндегі колледж ақпараттарына сәйкес).

2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының қамқорлық жасау бөлімінің бірген ақпаратына сәйкес балалар үйлері мен интернаттардан 181 жетңм бала оқуларын тәмәмдаған, оның ішінде негізгі орта білім негізінде-140 бала, жалпы орта білім негізінде – 41 бала. Осыған орай, интернаттық ұйымдар мен балалар үйлерінен шыққан 142 бала ШҚО ТжКББ жүйесіндегі оқу орындарына оқытылуға ниет білдірген.

ТжКББ жүйесінің 16 оқу орнында 218 мүмкіндіктері шектеулі балалар оқытылуда. 2016 жылы ШҚО колледждерінен 64 мүмкіндігі шектеулі бала оқуларын тәмәмдап, 22 бала жұмысқа орналасқан (34,4%).

2016-2017 оқу жылында сұранысқа ие болған мамандықтар бойынша кадрлар даярлауға жергілікті бюджеттен 3925 орын бөлінген, оның ішінде 119 бюджеттік орын инклюзивті (мүмкіндігі шектеулі балалар) білім беру бағдарламасы бойынша кадрлар даярлайтын колледждерге берілген:

  • «Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ – 33 орын;
  • «Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК – 36 орын;
  • «Өскемен көпсалалы колледжі» МЕМ – 50 орын.