Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 Нұрахметова Дина Багланқызы

 кадр бойынша инспектор

 

 

 

 

 

 Ибраева Айдана Сержановна

 офис-менеджер

 

 

 

 

Міндеттер мен қызметтер

 

  • Орталықтың кадр саясаты мәселелерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
  • Орталық қызметкерлерінің еңбек тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын және Ар-намыс кодексінің сақталын бақылауды жүзеге асыру;
  • Орталықтың жеке құрамының есебін жүргізу, ҚР заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару бойынша құжаттарды ресімдеу;
  • Негізгі қызмет, жеке құрам, қызметтік іссапарлар, демалыстар бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау және ресімдеу;
  • Орталық қызметкерлерінің жеке істерін қалыптастыру, есепке алу және сақтау және оларға уақтылы өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
  • ҚР заңнамасына сәйкес қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан босатуды ресімдеу;
  • Еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу және сақтау;
  • Орталық қызметкерлерінің еңбек қызметі туралы анықтамалар беру;
  • Жұмыс уақытының табельдік есебін жүргізу;
  • Орталық қызметкерлерінің демалыс кестесін жасау және демалыс кестесінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссиялар үшін қажетті материалдарды дайындау және қызметкерлерді көтермелеуге және марапаттауға ұсыну;
  • Орталық басшысына қол қоюға ұсынылатын бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттардың жобаларына құқықтық сараптаманы жүзеге асыру;
  • Орталық меншігінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты құжаттарды (материалдық жауапкершілік туралы шарттар және т. б.) әзірлеуге қатысу);
  • Мүлікті сатып алуға және иеліктен шығаруға байланысты құжаттаманы ресімдеуді жүзеге асыру;
  • Сотта, мемлекеттік органдарда ұйымның мүдделерін білдіру;
  • Заң құжаттарын дайындау (қорытындылар, талаптар, талап арыздар, жергілікті актілер, шарттар және т. б.);
  • Кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеуді жүргізу, іс номенклатурасына сәйкес құжаттарды жүйелеу және сақтау;
  • Кіріс хат-хабарларды қабылдау және тіркеу, орталықта қабылданған құжаттарға сәйкес оны жүйелендіруді жүзеге асыру және оны басшы қарағаннан кейін бөлімшеге немесе нақты орындаушыларға олардың жұмыс процесінде пайдалану үшін не орындау үшін беру;
  • Бақылауға алынған басшының тапсырмаларын орындау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;
  • Номенклатуралық істерді дайындау және архивке тапсыру;
  • Басшы өткізетін отырыстарды немесе кеңестерді дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру (қажетті материалдарды жинау, қатысушыларды отырыстың немесе кеңестің уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар ету және оларды тіркеу);
  • Телефонограммаларды қабылдау және беру, басшының қатысуынсыз қабылданған хабарламаларды жазады және оларды басшының назарына жеткізеді;
  • Құжаттарды басшыға қол қоюға қабылдауды жүзеге асыру;
  • Келушілерді қабылдауды жүзеге асыру.