Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы" КММ

   Мемлекеттің инновациялық экономикасы үшін кадрлар даярлау мәселесі бойынша әлеуметтік серіктестікті жетілдіру мақсатында 2012 жылдан бастап ШҚО ТжКБ жүйесіндегі оқу орындарында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қазақстандағы GIZ Германия Халықаралық ынтымақтастық қоғамы арасындағы келісім аясында, халықаралық жоба (Назарбаев-Меркель бастамасы) аясында Германияның білім беру стандартына бейімдеу, Шығыс Қазақстан облысы экономикасының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіби және техникалық деңгейдегі мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу іске асырылуда.

Жобаның мақсаты - ШҚО ТжКБ жүйесінің еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білімді түлектерін дайындау.

Дуальды оқыту технологиясының ерекшеліктері:

- аймақтың колледж студенттерінің өндірістік практиканың барлық түрлерінен өтуі үшін кәсіпорынды материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз ету;

- студенттерді жоғары білікті мамандарға (тәлімгерлерге) бекіту;

- жұмыс берушілердің оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын әзірлеуде қатысуы, бітіруші топ студенттерінің қорытынды мемлекеттік аттестаттау мен сертификаттауын өткізу;

- Оқу уақытының бөлінуі: 40% - теорияға, 60%-практикаға. Оқыту қатар жүргізіледі:

- 1 курс: оқу орнында 5 күн, кәсіпорында 1 күн;

- 2 курс: оқу орнында 2 күн, кәсіпорында 4 күн;

- 3 курс: өндірістік тәжірибе

Дуальды оқытуды енгізу динамикасы

 

 

Жыл

Оқу орындарының

саны

Студенттер

саны

Кәсіпорындар саны

2012 ж.

11

320

21

2013 ж.

21

1103

67

2014 ж.

23

1989

71

2015 ж.

41

2517

166

2016 ж.

41

2263

281

2017 ж.

44

3356

414

2018 ж.

56

3379

562

2019 ж.

57

4104

658

 

2019-2020 оқу жылында дуальды оқыту элементтерін 63 мамандық және 107 біліктілік бойынша 57 оқу орны (65%) пайдаланады, 4331 студентті (жалпы контингенттің 12,5%) қамтиды және  колледждердің әлеуметтік серіктес 658 кәсіпорындары тартылды.

 

Қосымша:

Дуальді оқытуды ұйымдастырудың ережесі