Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы" КММ

   Төрайымы: Казангапова Асем Абылмансуровна, Семей көп салалы колледжі

   директорының тәрбие ісі жөніндегі

   орынбасары, орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы.

   Білімі – Жоғары. 1995-1999 жж. «Семей» мемлекеттік университеті.

   «Орыс тілді емес мектептерде орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы.

    Жұмыс тәжірибесі: Педагогикалық қызметте - 16 жыл, кәсіби-техникалық білім беру

   жүйесінде-14 жыл, орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының ОӘБ төрайымы ретінде-

   2 жыл. 

Мақсаты:

Орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушыларының кәсіби құзіреттелігін кеңейту.

Міндеттері:

1. Педагогикалық озық тәжірибе жұмыстарын игеру, тарату және қолдану.

2. Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттелігін қалыптастыру мақсатында студенттерді танымдық, зерттеу, шығармашылық жұмыстарға тарту.

3. ӘБ жұмысының нәтижелілігін зерделеу.

 

ОӘБ жұмысының бағыттары:

Аналитикалық  қызметі:

- әдістемелік жұмыс қорытындысына сараптама жасау, дидактикалық және әдістемелік қиындықтарды анықтау;

- нәтижелі педагогикалық тәжірибені меңгеру, жалпылау және тарату.

Ақпараттық қызметі:

- жаңа педагогикалық, әдістемелік әдебиеттермен ақпараттандыру;

- инновациялық қызмет тәжірибесімен және білім беруді дамыту бағытындағы жаңалықтармен ақпараттандыру.

Ұйымдасқан-әдістемелік қызметі:

- әдістемелік көмекті ұйымдастыру;
- олимпиада, конференциялар мен сайыстарды ұйымдастыру.

- өзге де ОӘБ-термен өзара байланысты ұйымдастыру.

Кеңестік  қызметі:

- қосымша жұмыстарды ұйымдастыру, жаңа ғылыми және педагогикалық зерттеу жұмыстарының қорытындысын тарату.