Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы" КММ

   Төрағасы:  Каримова Айман Сериковна ,экономика және есеп пәндер оқытушыларының

   облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы, КМҚК  «Көлік колледж» арнайы пәндер оқытушысы.

   Білімі: Жоғары. Семей қаласының Мемлекеттік қаржы институты, мамандығы-экономист.

   Еңбек өтілі:  16жыл педагогикалық қызметте оның ішінде 15 жыл кәсіптік-техникалық білім беру

   жүйесінде 6 жыл экономика және есеп пәндер оқытушыларының қалалық және облыстық

   әдістемелік бірлестігінің төрайымы.

 

 ШҚО экономика және есеп пәндер оқытушыларының ОӘБ  мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты: Экономикалық пәндер оқытушыларының әдістемелік құралдар арқылы шеберліктерін жоғарлату, жеке және кәсіби өсуге жағдай жасау.

Міндеттері: Келесі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру:

  • осы заманға сай техника, ғылым, өндіріс талаптарына қарай студенттердің сапалық тәжірибесін даярлауын қамтамасыз ету;

  • экономикалық пәндер оқытушыларының әдістемелік кәсіптік шеберлігін жоғарлату;

  • біліктілік аттестацияны өту үшін оқытушылардың әдістемелік даярлауын жетілдіру;

  • оқытушыларға әдістемелік көмек көрсету.

Жұмыс бағыттары:

  • инновациялық педагогикалық технологияларды зерттеу және білім беретін үдерісте оларды жүзеге асыру;

  • оқытушылардың, студенттердің ғылыми-зерттеу және басқа да шығармашылық қызметтерін жетілдіру;

  • педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік жұмысының нәтижесін жүйелеу және талдау.