Кейс әдісі
Кейс-технология шын және ойдан шығарылған жағдайларға негізделген қысқа мерзімді оқытуға арналған интерактивтік технология.
Кейс әдісі XX ғасырдың басында АҚШ-тың Гарвард университетінің бизнес-мектебінде еңгізілді. Әдіс бойынша оқытушыларға (оқушыларға) болған жағдайды толық мәлімдейтін мәтін ұсынылады. Оқытушының негізгі қызметі - сұрақтарды қойып, жауаптарды ескеріп отыратын дискуссияны жүргізу. Оқушылар жағдаймен танысады, оны өз-бетінше талдайды және оны шешудің бірнеше жолын табады. Үрдістің аяқталуы – ұсынылған алгоритмдерді бағалау және олардың ең үздігін таңдап алу.
Кейс-стадияның мақсаты: Оқытушылардың (оқушылардың)бірлесіп болған жағдайды талдау және тәжірибелік шешім шығару.
Кейс-технологиялардың негізгі ерекшеліктері
- тәжірибелік жағдайларды зерттеу;
- болған жағдайларды баяндау;
- оқушылар мәселемен танысып, оны шешудің жолдарын іздейді
Кейс-технологияларға:
· жағдайды талдау әдісі;
· инцидент әдісі;
· рольдік ойындар әдісі;
· іс хабарды талдау әдісі;
· ойындық жоба;
· дискуссия әдісі жатады
Кейс әдісінін 5 кезеңі
1-кезең – жағдаятпен танысу, оның ерекшелігі;
2-кезең – мәселені аңықтау, әсер ететін факторлар мен объектілер;
3-кезең – ой доданы ұйымдастыру үшін тұжырымдаманы, ойларды ұсыну;
4-кезең – шешім қабылдау алдындағы талдау жұмысы;
5-кезең – кейстің шешімі – бірнеше нұсқадағы шешім, шешімдерге байланысты туындайтын мәселелерін ескеруді атау.
Кейс әдісі оқытушының кәсіби құзіреттілігінің өсуіне, оның икемділігіне, жасампаздык іс-әрекетіне қол жеткізетін әдіс.