Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Басшы: колледж директоры Жанаева Шагангуль Алдамжаровна

Байланысатын тұлға: педагог-психолог  Куспанова Лаура Узакбаевна

Орналасқан жері: Семей қ., Валиханов к.,150

Орталықтың ашылған күні: 05  қараша 2015 ж.

 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж Y-PEER ресурс орталығы еріктілерінің салауатты өмір сүру салтын насихаттаудағы 2019 жылы жүргізген жұмыстарының есебі

 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Y-PEER  ресурс орталығы 5 қарашада 2015 жылы ашылды. Қазіргі уақытта ресурстық орталықтың құрамында 20 ерікті бар.

Ресурстық орталықтың мақсаты: Тең-теңіне ұстанымы әдіс-амалдарын дамыту және бағдарламаның тиімділігін арттыру. Жастар мен жасөспірімдерге өз денсаулықтары үшін жауапты шешім қабылдау мүмкіндерін үйрету. Жас мөлшері бойынша тең, өзара ең әдепті мәселелерді, соның ішінде өрбу денсаулығына және жұқпалы аурулар мәселелеріне қатысты сұрақтарды талқылау.

Міндеттері:

- Жастардың денсаулығын нығайту;

- Репродуктивті және сексуалды денсаулық пен құқықты қорғау;

- Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету;

- АИТВ және жыныстық жолдармен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу;

- Жастар мен жасөспірімдер арасындағы көшбасшылық қасиеттер мен волонтерлікті дамыту;

- Гендерлік теңдікті күшейту;

Көрсетілген мақсат және міндеттердің негізігді ресурстық орталық әртүрлі акциялар, тренингтер, мерекелік іс-шаралар, ойындар, сайыстар, т.б. ұйымдастырылуды және қалалық, облыстық, республикалық  деңгейде әртүрлі ұйымдар және бірлестіктермен тығыз белсенді қарым-қатынас орнатылып, әртүрлі жұмыстар жүргізілуде.

  • «Исток» жастар мен балалар шығармашылық орталығы;
  • «Жанұя» орталығы;
  • № 8 балалар үйі;
  • Қарттар үйі;
  • Жастар ресурстық орталықтары;
  • Семей станциясы ішкі істер желілік бөлімі;
  • Семей қаласының ішкі саясат бөлімі діни басқарма бірлестігі;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
  • Семей медицина университеті
  • «Мейірім» еріктілер клубы

 

2019 жылы төмендегідей  жұмыстар жүргізілді:

03.03.2019 жылы  Y-PEER  ресурс орталығының еріктілері  дене тәрбиесі пән мұғалімдерімен бірлесіп М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері арасындаспортқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Relay For Live» спорттық ойын эстафетасы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Бас жүлде иегерлеріне сертификат табысталды. Сайысқа қатысушылар саны: 50, көрермендер саны: 57

19.03.2019 ж. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту және жастарды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға бағыттау мақстаныда «Наурыз»мерекесіне орай «Армысың, әз Наурыз!» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында колледж студенттері әртүрлі оюлардың үлгісін қиып, оны магниттік тақтаға ілді және салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Акцияға қатысушылар саны - 50

Сәуір айы көлемінде Y-PEER Kazakhstan  желісініңбастамасымен болған республикалық «Весенняя жара 2018» акциясына қатысып әртүрлі акциялар, тренингтер, сайыстар, т.б. ұйымдастырды. Мақсаты: Жастардың қажеттіліктеріне қоғам жұртшылығының назарын аударту. Y-PEER желісінің қызметтерін және сексуальды денсаулық пен репродуктивті денсаулықты  сақтау, жастардың репродуктивті құқықтарын қорғау принциптерін Қазақстанға тарату. Жастарға өздерінің мүмкіндіктері мен таланттарын дамыта және көрсете алатын, идеялары мен ойларын ашық айта алатындай орта ұйымдастыру. Атап көрсетсек:

11.04-19.04.2019 ж. Ресурстық орталық еріктілері Республикалық «Y-PEER  Kazakhstan  желісінің үздік дизайны» сайысына қатысып, футболка, кепка, грамота дизайндерінің үлгісін ұсынды;

11.04.2019 ж. колледж студенттеріне «Репродуктивті және сексуалды денсаулық, ерте жүктіліктің алдын-алу»  семинар-тренингі ұйымдастырылып,  қатысушылармен флешмоб биі орындады.Семинар-тренингке қатысушылар саны - 28

14.04.2019 ж. қалалық деңгейде «Сұрауға ұяласыңба? Оқып шық!» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында Семей қаласының орталық саябағында, орталық алаңда, жағалауда жастар мен жасөспірімдерге репродуктивті денсаулыққа, контрацептивті заттарға, ерте жүктілікке, зиянды әдеттерге байланысты ақпараттар қамтылған кітапшалар таратылды. Акция барысында қамтылған жастар саны – 45.

«ИСТОК балалар мен жастар шығармашылық орталығының» ұйымдастыруымен болған «Марш парков 2018» акциясы негізнде колледж студенттеріне «Табиғатты қорғайық» тренинг ұйымдастырылып, табиғаттың маңызы туралы ақпараттар берілді. Тренингке 23 студент қатысты.

05.05.2019 ж. Семей қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған «Біз – темекісіз өмір үшін» акциясына қатысып, қала жастарына темекінің зияны туралы ақпараттар берді.

19.05.2019 ж. Республикалық «Бірге жарқыраймыз» экологиялық фестиваліне қатысып, Түйемойнақ аралында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жыл көлемінде «Ұлттық волонтерлар орталығы» мен «Самрұқ-Қазына» АҚ бастасымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және тыл жұмысшыларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Жеңіс» қайырымдылық жобасына қатысып, белсенді қатысқан волонтерлер «Грамотамен» марапатталды.

05.09.2019-07.09.2019 жж. Y-PEER  ресурс орталығының волонтері Ақылбекова |Мадина Алматы қаласындағы ұйымдастырылған «Алғашқы медико-санитарлық көмек» Республикалық семинарына қатысып, басқа да ресурстық орталықтардың жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасты;

21.09.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 115 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық семинар-практикумында «Биология жүрек тілімен» тақырыбында ашық тренинг көрсетті;

12.10.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Егер денің сау болсың десен....»тақырыбында акция ұйымдастырылып репродуктивті және сексуалды денсаулыққа, контрацептивті заттарға, ерте жүктілікке, зиянды әдеттерге, жұқпалы ауруларға байланысты таратпа материалдар таратты;

20.10.2019 ж.  М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 1 курс студенттеріне  Y-PEER ресурс орталығының мақсатымен, міндеттерімен, жұмыстарын презентациялады. Жастарды еріктілер қатарынақосылуға шақырып, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттады. Қатысушылар саны - 230;

14.11.2019 ж. Y-PEER ресурс орталығы Семей қаласының медициналық университетінің дәрігер-интерндерімен бірлесе отырып «Менингиттің алдын алу шаралары» тақырыбында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттеріне профилактикалық сағат ұйымдастырды. Қатсушылар саны - 35;