Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы" КММ

«СЕРПІН-2050» «МӘҢГІЛІК ЕЛ ЖАСТАРЫ - ИНДУСТРИЯҒА»

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен еліміздің жұмыс күші мол оңтүстік аймағындағы жастарды жұмыс күшін қажет ететін солтүстік және орталық өңірлеріне жолдау мақсатында «Мәңгілік ел жастары индустрияға!» бағдарламасы бекітілген.
2014-2015 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс негізінде 285 орын бөлінсе, 2015-2016 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде бөлінетін орындары саны 38,6%-ға қысқарған.
2015 жылы ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс негізінде республикалық бюджеттен 175 орын электромеханика, ветеринарлық фельдшер, техник-механик, құрылыс технигі, техник-технолог, өрт сөндіру инспекторы және техник мамандықтары бойынша Шығыс Қазақстан облысының 5 колледжі («Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК, «Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық колледжі», Семей қаласы «Құрылыс колледжі» КМҚК, «Көлік колледжі» КМҚК, «Құқық және бизнес колледжі» МЕМ) арасында үйлестірілген.
2016 жылдың 1 сәуіріне қарай оңтүстік аймағынан ниет білдірген 460 студенттің 429-ы оқытылуда.
Студенттер баспанамен, 3 мәрте тамақтандырумен, киім-кешектермен қамтамасыз етіліп, шәкіртақыларын алып, қысқы және жазғы демалыстарда үйлеріне тегін барып-қайту мүмкіндігі қарастырылған.