Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы" КММ

Елбасы Н. Назарбаев 2005 жылдың 18 ақпанындағы жолдауында елімізді көркейтуге, баспана орындарын ұлғайту және студенттерді жазғы демалыстарда жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға бағытталған «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру туралы алғаш рет сөз қозғаған.

Елбасының бастамасын жүзеге асыру мақсатында 2005 жылдың 25 маусымында Қазақстан Республикасының Үкіметінің №632 қаулысымен «Жасыл ел» бағдарламасы кең ауқымда қарастырылып, жүзеге асырылуға бекітілген.

Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облысының «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жастары Семей қаласындағы «Электротехника колледжі» КМҚК базасында өз қызметтерін бастады.

Аталған бағдарлама аясында 2016 жылдың 1 маусымындағы ақпаратқа сәйкес, «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатарына қосылуға ТжКББ жүйесі 19 оқу орындарынан 200 студент ниет білдірген.

  №  

Оқу орнының атауы

Студенттер саны

1

«Бизнес колледжі» КМҚК

6

2

«Бесқарағай колледжі» КММ

2

3

«Шығыс Қазақстан технология колледжі» КМҚК

3

4

«Еуразиялық техникалық-гуманитарлық колледжі» мекемесі

1

5

«Зырян ауылшаруашылық колледжі» КММ

4

6

«Квансон» Қазақстан-Кәріс колледжі» мекемесі

2

7

«Катонқарағай аграрлық-техникалық колледжі» КММ

6

8

«Қазпотребсоюз экономика және агробизнес колледжі» мекемесі

5

9

«Аягөз қаласының политехникалық колледжі» КМҚК

45

10

«Риддер аграрлық-техникалық колледжі» КМҚК

15

11

«Үржар колледжі» КММ

15

12

«Өскемен құрылыс колледжі» КММ

5

13

«Өскемен экономика және қаржы колледжі» ЖШС

1

14

«Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ

9

15

«Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК

29

16

«Электротехника колледжі» КМҚК

25

17

«Ж. Шайжүнісов атындағы электронды колледж» мекемесі

4

18

«Зайсан технология колледжі» КММ

20

19

«Абай колледжі» КММ

5

 

«Жасыл ел» еңбек жасақтарының студенттері республикалық, облыстық және қалалық іс-шараларға белсенді қатысып, салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамды жақсартуға арналған жұмыстарды үнемі жасайды.

Көптеген студенттер туған өлкелеріне, ауылдарға барып демеу көрсетеді. Яғни, ауылда туып-өскен студенттер өз өлкелерінің осал жақтарын дамытуда белсенді жұмыстар атқарады.

«Жасыл ел» бағдарламасы студенттердің демалыстарын ғана емес, сондай-ақ бос уақыттарын тиімді өткізуді ұйымадстырады, яғни, жаз маусымында жұмыспен қамтуды қарастырып, студенттердің шығармашылығы мен өзін-өзі дамытуда демеу көрсетеді.

Х-ХІ кезеңіндегі «Жасыл ел» еңбек жасағының құрамындағы ШҚО ТжКББ жүйесі оқу орындары студенттерінің саны туралы ақпарат:

          Еңбек кезеңі         

      Студенттер саны      

Оның ішінде

  Қала бойынша  

  Ауыл бойынша  

Х (2014 жыл)

440

175

265

ХI (2015 жыл)

737

461

276

 

Негізгі жұмыс берушілер: Абай ауданы «Жастар орталығы» КМҚК, Семей қаласы «Отбасылық №8 балалар үйі» КММ, «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы», Катонқарағай ауданы «Жастар орталығы» КММ, Көкпекті ауданы «Жастар орталығы» КММ, «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет» ШЖҚ РМК, Тарбағатай ауданы «Жастар орталығы» КММ, «Шығыс Қазақстан облыстық архитектуралық-этнографиялық және табиғи ландшафты мұражай-қорығы» КМҚК, «ШҚО мұрағат және құжаттама басқармасы» ММ, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесі, Үржар ауданы «Жастар орталығы» КММ, «Семей» көгалдандыру және көркейту» МҚК, «ШҚО Семей қаласы тұрғын үй - коммуналды шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, Зайсан ауданы «Жастар орталығы» КММ, «Семей-Капитал» ЖШС, «Озеленитель» ЖШС, Өскемен тәртіп» ЖШС.