Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығы" КММ

2018-2019 оқу жылында педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау туралы

атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттауға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы бекітілген № 632 бұйрығына сай облыс колледждерінің 456 оқытушылары мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімін ұсынды, оның ішінде 70 мұғалім мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берді.

Мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш білдірген үміткерлер облыстық білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес біліктілік тестілеуінен өтті.

Сонымен қатар, мұғалімдерді аттестаттаудан өткізу ережелерімен және шарттарымен танысу мақсатында ТжКБ жүйесінің оқу орындарының әдіскерлері үшін «Мұғалімдерді аттестаттауға арналған нормативтік құжаттар» тақырыбында нұсқаулық семинар өткізілді.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерін аттестациялау кезінде дәлелді себептермен 40 педагог қызметкер аттестация өтуден бас тартылды (басқа қалаға, басқа елге, атап айтқанда Ресей Федерациясына, декреттік демалыс, зейнетке шығу).

Сонымен бірге, ТжКБ ұйымдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуі бойынша ай сайын сапа мониторингі жүргізіліп отырады , сонымен қатар педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарының тағайындалуы (расталуы) жөнінде сараптама жасалып отырады.

 

Түскен өтініштер- 416

Жоғары санатты растау үшін – 147

Жоғары санатты алу үшін – 74

Бірінші санатты растау үшін – 53

Бірінші санатты алу үшін – 142

Нәтижесінде:

Мерзімінен бұрынғы өтініш бойынша тестілеуден өтті – 70

Тестілеуден өтпеді – 0

Жоғары санатты растағаны – 130

Жоғары санатты алғаны – 63

Бірінші санатты растағаны – 32

Бірінші санатты алғаны – 108

Қабылданбады:

Бірінші санатқа сәйкес келмейді – 7 (оның ішінде – 5-уі санатты алуға, 2-уі санатты растауға)

Жоғары санатқа сәйкес келмейді – 6 (оның ішінде – 4-уі санатты алуға, 2-уі санатты растауға)

 

Шығы  Қазақстан облысы білім басқармасының 2019 жылғы 20 қарашадағы №532 

            "Облыстың педагог қызметкерлерін аттестаттау туралы" бұйрығы