Размер шрифта
  • A
  • A
  • A

Коммунальное государственное учреждение "Центр профессионального образования Восточно-Казахстанской области"

IT бағытындағы облыстық әдістемелік бірлестігі аясында ШҚО колледждерінің 3 курс студенттері арасында «PYTHON-дағы Олимпиада ойындары» облыстық қашықтық байқауы өткізілді. Қатысушыларды 12 адамнан 2 команда ұсынды. Байқаудың барлық кезеңдері бір-бірімен байланысып толықтырылған. Оқытудың дамытушы функциясы іске асырылып, білім алушылардың логика, назар, қиял, есте сақтау, ойлау сияқты қасиеттерінің дамуына ықпал етті. Студенттердің белсенді жауаптарын есепке ала отырып, әр турдың қорытындысы шығарылды. Іс-шараға барлығы 40-тан астам адам қатысты, олар: ІТ бағытындағы ОӘБ төрайымы К.М. Түсіпбаева, оқытушылар Р. М. Рахматуллина, Д. А. Бектұрғанова, А. С. Ихсанова (Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі), А. К. Дүйсембайқызы (Радиотехника және байланыс колледжі), И. А. Гольцева (Өскемен жоғары политехникалық колледжі), О. Ю. Литвинова (Қ. Нұрғалиев атындағы колледжі), Г. И. Қасымова (Ж. Шайжүнісов атындағы электрондық колледж), Д. К. Бейсенбаева (Д. Қалматаев мемлекеттік жоғары медициналық колледжі) және т. б. Жалпы, іс-шараның барлық қатысушылары оң пікір айтып, платформа чатында өз ойларымен бөлісті.