Әдістемелік виртуалды кабинет
Әдістемелік виртуалды кабинет - бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу - тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс - әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әр оқытушының біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан - жақты арттыруға бағытталған (оқытушылардың кәсіби білімін көтеруін, өзін - өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыта отырып, оқу - тәрбие жұмысын жетілдіру, студенттерге білім мен тәрбие беру арқылы, бәсекеге қабілетті жеке тұлға деңгейіне жеткізу.
Виртуалды әдістемелік жұмыстың мақсаты:
Озық педагогтардың іс-тәжірибелерімен алмасу арқылы кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Виртуалды әдістемелік жұмыстың міндеттері:
Оқытушыларға студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
Оқытушыларды педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Жас мамандарға көмек беру.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, мәселелік шығармашылық топтар, ғылыми - тәжірибелік конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есеп беру, теориялық семинарлар мен семинар - практикумдар, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Құрметті әріптестер!
Әдістемелік виртуалды кабинеттің негізгі үш артықшылығы:
- Сіз кез-келген уақытта және өзіңізге ыңғайлы жерде жұмыс істей аласыз. Бастысы – бұл ғаламторға қосылып, компьютердің болуы.
- Сіз бірнеше рет жарияланған ақпараттармен, презентациялармен, бейне материалдармен таныса аласыз. Сіз оларды электронды түрде немесе өздігіңізден басып шығарасыз.
- Сіз өз тарапыңыздан өткізілген шараларды қолдана және жариялай аласыз.