Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекеме «Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 216 қаулысымен құрылды және  «Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру мен кадрларды даярлау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 216 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 358 қаулысы негізінде қайта аталды.

Мекемені басқаруды жүзеге асыратын орган «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Мақсаты:

  • өңірдің экономика салалары мен жұмыс берушілерінің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлау деңгейін дамытуға бағытталған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында әлеуметтік әріптестік жүргізуде консультациялық және ұйымдастырушылық функцияларды жүзеге асыру;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша ақпаратты мониторингтеу,  оқытудың өндіріспен байланысын нығайту;
  • оқыту семинарларын, форумдарды және білім беру, тәрбиелік іс-шараларының өзге де түрлерін ұйымдастыру және өткізу.

Қызметтің түрлері:

  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі ұйымдарындағы оқу-тәрбие және   талдау әдістемелік жұмыстарын талдау;
  • инженер-педагог қызметкерлерді техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамытудың негізгі бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • білім беру ұйымдарының ұсыныстарын жинақтау, қажеттілігін зерделеу;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің ұйымдарында педагогикалық тәжірибенің нәтижелілігін анықтау, зерделеу және бағалау. Облыста білім беру жүйесін дамыту үшін педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижесін анықтау, зерделеу және нәтижелілігін бағалау. Облыстағы білім беру жүйесін дамыту үшін педагогикалық тәжірибені қорытындылау және тарату;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және дамыту;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында педагогикалық тәжірибе банктерін құру, ақпараттық-библиографиялық жұмыс жүргізу;
  • инженер-педагог қызметкерлерді, жас мамандар және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі ұйымдарының басшыларын инновациялық іс-әрекетте, авторлық бағдарламаларды, құралдарды, оқу жоспарларын сараптамалық бағалауда, білім беру қызметкерлерін аттестаттауға дайындауда әдістемелік сүйемелдеу;
  • инженерлік-педагогикалық қызметкерлермен және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі ұйымдарының басшыларымен жұмыс жеке және топтық нысандарда жүзеге асырылады: кеңес беру, сабақтарды талдау, білім алушылармен сабақтан тыс сабақтар, тағылымдаманы ұйымдастыру, шығармашылық топтардың сабақтарын, әдістемелік бірлестіктердің, ғылыми-практикалық конференцияларды, кәсіби шеберлік конкурстарын өткізу және тағы басқа;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс жобасын әзірлеуге қатысу;
  • мемлекетаралық, республикалық, облыстық конференцияларды, оқыту семинарларын, форумдарды, фестивальдарды, байқау-конкурстарды, спорттық, мәдени, мерекелік, корпоративтік және кәсіптік білім беру саласы қызметкерлерінің және білім алушылардың кәсіпқойлығын көрсетудің басқа да нысандарын ұйымдастыру және өткізу;
  • техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім беруді ұйымдастыруда бекітілген стандартқа сәйкес оқу жоспарларын және бағдарламаларын жасауда кеңестік жұмыс жүргізу;
  • кадрларды даярлауда жаңа бағдарламаларды, модульдерді, әдістемелер мен технологияларды әзірлеуді және эксперименттік апробациядан өткізуді ұйымдастыру;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің жаңа педагогикалық және өндірістік технологиялары бойынша кәсіпорындар мен мекемелер базасында инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, даярлау және қайта даярлау курстарын өткізу бойынша ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асыру;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі оқу орындарының материалдық-техникалық базасының мониторингін жүзеге асыру;
  • аймақ экономикасының кадрлар қажеттілігіне талдау және болжам жасау;
  • баспа басылымдарын жасау және шығару;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру және бекіту жағдайы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, негізділігі мен дұрыстығына мониторинг жүргізу;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының қызметтік сұрақтары бойынша қоғамдық ұйымдармен (ассоциациялармен, кеңестермен т.б.) байланыс жасау;
  • бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен ынтымақтастық және әрекеттестік, сонымен қатар Мекеменің ресми сайтымен жұмыс жасау;
  • жоғары білімды төлеу үшін білім беру грантын беру бойынша отырыс ұйымдастыру және жүргізуге қатысу;
  • Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім берудің Сараптамалық кеңесі жұмысын ұйымдастыру, оқу-әдістемелік, оқу-тәрбиелік және ғылыми-әдістемелік жұмысының тәуелсіз сараптамасын жүргізу;
  • эксперименттік білім беру бағдарламаларын іске асыру, инновациялық педагогикалық технологияларды, сондай-ақ интеграцияланған оқу бағдарламаларын қоса алғанда, жаңа білім беру бағдарламаларын сынақтан өткізу жоспарланып отырған білім беру ұйымдарына әдістемелік көмек көрсету. Әдістемелік өнімдерді жариялау, шығару және тарату
  • мектеп түлектеріне мамандық пен болашақ қызмет саласын таңдауда көмек көрсету мақсатында кәсіби бағдар беру іс-шараларын ұйымдастыруға қатысу;
  • Жазғы кезеңде колледж студенттерінің демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға қатысу;
  • Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес басқа да іс-әрекет түрлері.

 

«ШҚО кәсіптік білім беру орталығы» КММ Жарғысы