Басшылық
Кездикбаева Лазат Токтарбековна
«ШҚО КБ орталығы» КММ директордың м.a.
8/7232/701-198
Лауазымдық міндеттер:
- Орталықтың басқару құрылымын, штаттық кестесін анықтау;
- Әкімшілік, қаржылық, шаруашылық мәселелерді шешу;
- Мекеменің құрылымдық бөлімшелерінің жұмыстарын жоспарлау, үйлестіру және бақылау;
- Жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру, кадрларды іріктеу және орналастыру;
- Қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтау, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасау;
- Қызметкерлердің бастамаларын ынталандыру және көтермелеу, ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық климатты қолдау;
- Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, кәсіпорындармен және ұйымдармен тиімді өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты қамтамасыз ету;
- Бюджет қаражатын, сондай-ақ, басқа көздерден түсетін қаражатты ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
- Орталықты мемлекеттік, қоғамдық және өзге де органдарда, мекемелерде, шетелдік сапарларда ұсыну;
- МТБ-ны есепке алуды қамтамасыз ету, сақтау және толықтыру, санитарлық-гигиеналық тәртіп және еңбекті қорғау ережелерін сақтау, құжаттаманы есепке алу және сақтау;
- Жобаның ұйымдық құрылымын және команданы қалыптастыру;
- Жобаға ресурстарды тарту мәселесін шешу;
- Жоба персоналын іріктеуге, дайындауға және ынталандыруға қатысу;
- Команданың әрбір қатысушысы үшін жауапкершілікті, жұмыс мазмұны мен мақсаттарды анықтау;
- Мерзімінде және берілген сапа деңгейімен бюджет шеңберінде жобаның мақсаттарына (нәтижелеріне) қол жеткізу үшін дербес жауапкершілік;
- Жобалау командасын басқару, жарғы мен базалық жоспарды мақұлдау жауапкершілігі, есептілік, тәуекелдерді және өзгерістерді басқару, жиналыстарды өткізу және команданы оқыту.
- Өңірдің экономикасы мен жұмыс берушілерінің қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлау деңгейін дамытуға бағытталған ТжКБ саласында әлеуметтік әріптестікті жүргізуде консультациялық және ұйымдастырушылық функцияларды жүзеге асыру;
- Жетекшілік ететін мәселелер бойынша оқыту семинарларын, форумдарды және басқа да тәрбиелік, білім беру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу.
- Оқытудың өндіріспен байланысын нығайту;
- ТжКБ ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша ақпарат мониторингі;
- Білім беру ұйымдарының қажеттіліктерін зерттеу, ұсыныстарын жинақтау;
- ТжКБ, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және дамыту;
- Орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ТжКБ кадрларын дайындауға мемлекеттік тапсырыс жобасын әзірлеуге қатысу;
- Мемлекетаралық, республикалық, өңірлік, облыстық конференцияларды, оқыту семинарларын, форумдарды, чемпионаттарды, конкурстарды, спорттық, мәдени, мерекелік және колледж қызметкерлері мен студенттер кәсіпқойлығының басқа да нысандарын ұйымдастыру және өткізу;
- Өңір экономикасының кадрлық қажеттілігін талдау және болжау;
- ТжКБ, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру және бекіту жағдайы туралы ақпараттың негізділігі мен дұрыстығына мониторинг жүргізу;
- Жазғы кезеңде колледж студенттерінің демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
- Жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын және грантты орналастыру бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау;
- Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім гранттарын тағайындау бойынша отырыстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- БАҚ өкілдерімен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық, сондай-ақ, Орталықтың ресми сайтымен жұмыс жасау;
- Колледждерге әдістемелік көмек көрсету, олардың базасында эксперименттік білім беру бағдарламаларын іске асыру, инновациялық педагогикалық технологияларды апробациялау жоспарлануда.