Білім беру процесін әдістемелік сүйемелдеу бөлімі
Шауменова Эльмира Токановна
Бөлім басшысы
Шакерова Алия Кусайнгазиевна
әдіскер
Ибатулдаева Айнұр Санатбекқызы
әдіскер
Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
әдіскер
Ержебаев Ержан Сайлауханұлы
әдіскер
Манышева Маржан Жұмабекқызы
(бала күтіміндегі демалыста)
Міндеттер мен функциялар:
- Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жаңа педагогикалық және өндірістік технологиялары бойынша кәсіпорындар мен мекемелер базасында инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, тағылымдамадан өту , даярлау және қайта даярлау курстарын ұйымдастыру іс- шараларын жүзеге асыру және әдістемелік сүйемелдеу;
- ШҚО ТжКБ жүйесінің ОЖБ сапалық және сандық құрамын талдау және мониторинг жүргізу. Колледждердің ОЖБ сапалық және сандық құрамы бойынша ҰБДҚ толтыру бойынша мониторинг жүргізу;
- Колледждердің эксперименттік және инновациялық қызметін әдістемелік сүйемелдеу (үздік жаңашыл педагогтердің жұмыс тәжірибесі, педагогикалық қызметкерлерге авторлық бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу - әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге жәрдемдесу, ТжКБ жүйесіне білім берудің жаңартылған тәжірибелік-бағдарланған мазмұнын енгізу, қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын әзірлеу, электрондық оқыту кешендері мен т. б. әзірлеуге «Холдинг «Кәсіпқор» КЕАҚ кредиттік-модульдік оқыту технологиясын және білім беру бағдарламаларын енгізу);
- Инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің және колледж студенттерінің электрондық ресурстар, жобалық, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық қызметті әзірлеуі бойынша әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- Колледж педагогтерінің тәжірибелік-эксперименталды және инновациялық қызметінің электрондық ресурстарының деректер банкін құру және «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ сайтында виртуалды әдістемелік кабинет арқылы тарату;
- Білім беру ұйымдары білім беру қызметінің деңгейіне және педагог кадрлардың шығармашылық әлеуетіне көп кезеңді тәуелсіз сараптама мен бағалауды жүзеге асыру;
- Колледждердің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері облыстық әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын әдістемелік сүйемелдеу және үйлестіру;
- «Колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» жобасын іске асыруды әдістемелік қолдау;
- ТжКБ ұйымдарында кәсіптік білім берудің шетелдік моделін енгізуді әдістемелік сүйемелдеу;
- Инженерлік-педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауға дайындау кезеңінде педагогтарға әдістемелік қолдау және практикалық көмек көрсету;
- ТжКБ жүйесінің ЖОБ алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибесінің деректер банкін зерделеу, қорыту, тарату және құру, сондай-ақ колледж педагогтарының онлайн, бейне сабақтарын, видеолекцияларын әдістемелік сүйемелдеу;
- Әдіскерлердің жұмыс бағыттары бойынша әдістемелік материалдарды (конференциялар, конкурстар өткізу жөніндегі ережелерді, оқыту семинарлары бағдарламаларын, жадынамалар, ұсынымдар, нұсқаулықтар) әзірлеу және шығару;
- ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік сүйемелдеу: ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындарына «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани тәрбиені енгізу;
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі іс-шараларды әдістемелік сүйемелдеу және мониторинг жүргізу; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілермен жұмысты ұйымдастыру;
- ТжКБ жүйесінің оқу орындарында инклюзивті білім беру жұмысын ұйымдастыруды қолдау бойынша педагог кадрларды әдістемелік қамтамасыз ету. ШҚО ТжКБ жүйесінің оқу орындарында мүгедек балалардың мониторингі және талдауы;
- Колледж базасында репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша жұмысты ұйымдастыру және «Валеология» пәнін оқыту сапасының мониторингін жүргізу;
- Инженерлік-педагогикалық қызметкерлерге арналған конкурстарды ұйымдастыру және өткізу (облыстық, республикалық «Үздік педагог», «Үздік кітапхана», «ТжКБ жүйесінде инклюзивті білім берудің үздік педагогы», «MasterSkills», «Менің әдістемелік жинағым», «Үздік бейне сабақ», «Үздік шеберлік сыныбы», колледж әдіскерлеріне арналған Педагогикалық оқулар, ШҚО ТжКБ жүйесінің «Өнердегі педагогикалық талант» шығармашылық фестивалі);
- Ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптар және басқа да білім беру іс-шараларының түрлерін ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу, сондай-ақ колледждердің инженер-педагог қызметкерлеріне әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
- Колледж студенттерімен («Абай оқулары», «Мен және менің мансабым», «Тәлімгер Вожатый Fest», «Startup бизнес-жобалар байқауы», «Abilympics») іс- шараларды, олимпиадаларды ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеу және өткізу.
тел.: 8 (7232) 700-590
эл. почта: center_tipo_metod@mail.ru