Жоғары оқу орындарымен жұмыс жасау бөлімі
Габдуллина Аяулым Болатхановна
бөлім басшысы
Жайлаубаева Алия Абдрахмановна
әдіскер
Құмаргалиев Дастан Бөкенұлы
әдіскер
Аблмажинова Ботагөз Асқарбекқызы
әдіскер
Міндеттер мен функциялар:
- Кадрларды сапалы даярлау бағытында кәсіпорындармен, әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі комиссияның отырыстарын ұйымдастыру және өткізу;
- Жоғары оқу орындарының қызметі туралы тиісті материалдарды жинауды жүзеге асыру;
- Жергілікті бюджет есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлау үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын және мемлекеттік білім беру грантын орналастыру бойынша конкурс өткізуге көмек;
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру және бекіту жағдайы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, оның негізділігі мен дұрыстығына мониторинг жүргізу. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар талап етілген кадрлар бойынша өңірдің еңбек нарығына сәйкес кадрларға болжамды қажеттілік бойынша есеп беру құжаттарын қалыптастыру;
- Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі отырыстарды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- Өңір түлектерінің (мектептердің, колледждердің) шетелдік жоғары оқу орындарына кетуінің мониторингі;
- Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу.
тел.: 8 (7232) 701-130
эл. пошта: center_tipo_sp@mail.ru