Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    

ШҚО білім басқармасы облыста мектеп түлектерінің алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындарына кетуін азайту мақсатында «Білікті маман» жобасын әзірледі. Аталған жобаны іске асыру аясында 2017 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен аймақтың экономикасы үшін кадрлар қажеттілігін ескере отырып, жоғары білім алу ақысын төлеу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттары бөлінуде (2017 жылы - 200 грант, 2018 жылы - 446 грант, 2019 жылы - 400 грант және 2020 грант - 400). Қазіргі таңда аталған жоба шеңберінде 1446 студент жеті аймақтық ЖОО-да, Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Нур-Мубарк Египет ислам мәдениеті университетінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім алуда. Мектеп және колледж түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуін азайту бойынша қабылданған шаралар бүгінде оң нәтижесін беруде. Біріншіден, балалар үшін жоғары білімнің қол жетімділігі едәуір өсті (48% -дан 64% -ға дейін). Екіншіден, мектеп және колледж түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарына кетуі айтарлықтай төмендеді. Егер 2016 жылы өңірлік мектептердің 1800 түлегі шетелдік ЖОО - на оқуға кеткен болса, 2017 жылы - 890, 2018 жылы - 636, 2019 жылы - 535, сонымен қатар 2020 жылы - 394 түлек шетелдік жоғары оқу орындарына кетті. Жоба бойынша жұмыс жалғасуда.

Приказ проекта

Программа проекта

Тезисы выступления заместителя акима области Мархабат Алишера на расширенном аппаратном совещании 13.01.2020 года

Слайд