Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ бастамасымен 24-28-қазанда «Алтай» Технопаркінде 8-11-сыныптар арасында «My PRO» мамандықтар фестивалі өтеді. Бұл мерекелік іс-шарада балалар ересектер әлемінің бір бөлігімен танысады. Оқушылар біздің өңірде қандай танымал мамандықтардың бар екенин біліп қана қоймай, сүйікті істерін таңдай алады және де жанына жақын жұмыстың қуаныш әкелетінін сезіне алады.

«My PRO» мамандықтар фестивалі өте қызықты және де танымал квест түрінде өтеді, бұл жерде мамандықтардың сырлары ашылып, сондай-ақ шеберлік сыныптар, ойындар, мамандықтар бойынша практикалық сабақтар ұсынылады.

Арнайы алаңдарда қатысушылар Шығыс Қазақстан облысының ең үздік қолледж мамандықтарымен танысады. Оқушылар өздерін мына мамандықтар бойынша көрсете алады: «Құрылыс жұмыстарының шебері», «Мұғалім», «Омарташы», «Дәнекерлеуші», «Парикмахер-модельер», «Медбике», «Техник-электрик», «Аспазшы», «Тракторист-машинист», «Әртіс».

28-қазан күні «Алтай» Технопаркінде «Education2Business» форматында «Практиканттар жәрмеңкесі» іс-шарасы өтеді. Облысымыздың компаниялары мен колледждері колледж студенттерімен іс-тәжірибеден өту жайлы келісімшарт жасау мақсатында кездеседі, сондай-ақ кәсіпорын иелері болашақ мамандармен таныса келе, оларды ары қарай еңбекпен қамтуда тағылымдамаға алуға мүмкіндігі болады. Қатысушылар арасында 15-тен астам ШҚО колледждерімен және өңіріміздің 75-тей компанияларымен кездесу өтеді.

29-қазан күні сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін «Алтай» Технопаркінде 1-7-сынып оқушыларына арналған «My PRO» мамандықтар фестивалі өтеді, бұл алаңға балалар ата-аналарымен келіп, қызықты да пайдалы уақыт өткізе алады. Бағдарламада: тыңшылармен квест, шеберлік сыныптар мен мамандықтар әлемімен танысу жоспарланған.

Іс-шараға қатысу тегін! Келіңіз және өз таңдауыңызды жасаңыз!

Мамандық таңдау – бұл болашақты таңдау! Кәсіптік қалыптасу бірнеше кезеңдерден тұрады:

  1. мамандықты таңдау;
  2. кәсіптік білім алу
  3. алған білім мен дағдыланған еңбекті іске асыру.

Әрбір кезеңді жіберіп алмау өте маңызды! Іс-шара барысында әр оқушы кәсіптік тестілеуден өте алады және де қандай мамандықтың қолайлылығын анықтап, ШҚО колледж өкілдерінен кеңес ала алады.

«My PRO» мамандықтар фестивалі және «Практиканттар жәрмеңкесі» атты әр түрлі бағыттағы компания демеушілері және де облыс колледж студенттеріне арналған мерекелік іс-шараға шақырамыз! Іс-шараға қатысу арқасында Сіз компанияңыздың имиджін (жақсы жаққа) көтере аласыз және клиенттік базаны кеңейтіп, брендті танымалдандырып, алдын ала сапалы мамандарды(кадрларды) даярлау мүмкіндігін және ШҚО оқу орындарымен, басқа да іс-шаралық әріптестермен әріптестік қарым-қатынас орната аласыздар.

Ұйымдастырушы: ШҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ көмегімен  «Көшбасшылар клубы»

Қосымша ақпарат тел: 70-09-83, 57-82-90, 8775 394 76 74, 8771 547 26 55