Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

  «Жас маман» жобасы (бұдан әрі – Жоба) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде (2019 жылғы 23 қаңтар), «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде (2019 жылғы 27 ақпан) берген тапсырмасына сәйкес әзірленді.

Жобаны іске асыру кезеңі - 2020-2021 жж.

Жобаның мақсаты - колледждерді сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.

ШҚО аумағында жетекші колледждер базасында халықаралық стандарттар бойынша жабдықталған экономиканың 10 саласы бойынша құзырет орталықтарын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.

              Құзыреттілік орталықтарының миссиясы:

- білім алушылардың кәсіби дағдыларын арттыру-өңір колледждерінің студенттері үшін оқу практикаларын өткізу;

- кәсіби шеберлік чемпионаттарына қатысушылардың сапасын арттыру-WorldSkills чемпионаттарына дайындық кезінде жаттығу жиындарын өткізу;

- колледждердің инженерлік-педагогикалық құрамының кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру-өндіріс шеберлерінің тағылымдамаларын өткізу.

        Осылайша, негізгі мамандықтар бойынша кадрлар даярлау Құзыреттілік орталықтарында шоғырланатын болады, бұл басқа колледждердің студенттеріне WorldSkills әлемдік стандарттарына сәйкес келетін жабдықтарда оқытудан өтуге мүмкіндік береді.

        Аталған жобаны іске асыру нәтижесі білім беру қызметтерінің сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті кадрларды қалыптастыру, колледж түлектерінің жұмысқа орналасу үлесін арттыру және техникалық және кәсіптік білім алудың тартымдылығын арттыру болып табылады.  

        2020 жылы сомасы - 1 304 050 мың теңгеге өңірдің 5 жетекші колледждерінің құзырет орталықтарын жарақтандыру үшін 23 зертхананы және 12 шеберхананы жарақтандыру үшін жалпы саны 478 бірлік жабдық пен техниканың 156 атауы сатып алынды:

- «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КМҚК - «Энергетика» бағыты бойынша»;

- «Электротехникалық колледж» КМҚК  - «IT» бағыты бойынша»;

- «Көлік колледжі» КМҚК - «Көлік» бағыты бойынша»;

- «Риддер аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК - «Металлургия» бағыты бойынша»;

- «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы колледжі» КМҚК - «Ауыл шаруашылығы» бағыты бойынша.

 

Бұйрық Жас маман

Ереже Жас маман

Шығыс Қазақстан облысында «Жас маман» жобасын іске асыру

«Жас маман» жобасын іске асыру бойынша ақпараттық сүйемелдеу