Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2018-2019 оқу жылында педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау туралы

атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат

 

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттауға құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 9 қарашадағы бекітілген № 632 бұйрығына сай облыс колледждерінің 456 оқытушылары мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімін ұсынды, оның ішінде 70 мұғалім мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берді.

Мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш білдірген үміткерлер облыстық білім басқармасы бекіткен кестеге сәйкес біліктілік тестілеуінен өтті.

Сонымен қатар, мұғалімдерді аттестаттаудан өткізу ережелерімен және шарттарымен танысу мақсатында ТжКБ жүйесінің оқу орындарының әдіскерлері үшін «Мұғалімдерді аттестаттауға арналған нормативтік құжаттар» тақырыбында нұсқаулық семинар өткізілді.

Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерін аттестациялау кезінде дәлелді себептермен 40 педагог қызметкер аттестация өтуден бас тартылды (басқа қалаға, басқа елге, атап айтқанда Ресей Федерациясына, декреттік демалыс, зейнетке шығу).

Сонымен бірге, ТжКБ ұйымдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуі бойынша ай сайын сапа мониторингі жүргізіліп отырады , сонымен қатар педагог қызметкерлерге және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарының тағайындалуы (расталуы) жөнінде сараптама жасалып отырады.

 

Түскен өтініштер- 416

Жоғары санатты растау үшін – 147

Жоғары санатты алу үшін – 74

Бірінші санатты растау үшін – 53

Бірінші санатты алу үшін – 142

Нәтижесінде:

Мерзімінен бұрынғы өтініш бойынша тестілеуден өтті – 70

Тестілеуден өтпеді – 0

Жоғары санатты растағаны – 130

Жоғары санатты алғаны – 63

Бірінші санатты растағаны – 32

Бірінші санатты алғаны – 108

Қабылданбады:

Бірінші санатқа сәйкес келмейді – 7 (оның ішінде – 5-уі санатты алуға, 2-уі санатты растауға)

Жоғары санатқа сәйкес келмейді – 6 (оның ішінде – 4-уі санатты алуға, 2-уі санатты растауға)

2022 жылғы мамыр-маусым аралығында педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген адамдарды аттестаттау жөніндегі ақпарат

        2021 жылы ҚР БҒМ 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 Бұйрығымен «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында орта және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары және арнайы оқу бағдарламалары, және білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына өзгерістер енгізілді. Осы бұйрық негізінде аттестатталатын педагогтар мен оларға теңестірілген тұлғалардың құжаттары қабылданды.

        Сараптамалық кеңес ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында қарауға барлығы 84 педагог портфолиосын берді, оның ішінде біліктілік санатына:

 «педагог-зерттеуші» - 32

«педагог-сарапшы» - 29

«педагог-модератор» –  23 портфолио.

        Сараптамалық кеңестің бағалауына сәйкес қарауға ұсынылған барлық 84 портфолионың мазмұны мәлімделген біліктілік санаттарына сәйкес келеді және критерийлерге сәйкес педагогтердің де, білім алушылардың да жетістіктері бойынша толық материалдарды қамтиды.

        Тамыз айында Аттестаттау комиссиясының отырысы өтті, онда педагогтерге біліктілік санаттарын беру жөніндегі Сараптамалық кеңестің ұсынымдары қаралды. Комиссия құрамына мәслихат депутаты, прокуратура, өңірлік кәсіпкерлер палатасы, кәсіподақ, үкіметтік емес ұйым, Қоғамдық кеңес, әлеуметтік әріптес өкілдері, сондай-ақ ШҚО білім басқармасының өкілдері мен ШҚО кәсіптік орталығының әдіскерлері қатысты.   

        «Педагог-шебер» біліктілік санатына өтініш берген педагогтерді аттестаттау рәсімін ҚР БҒМ жүргізеді, аттестатталушының аты-жөні көрсетілген ілеспе хат ЭДО арқылы ресми түрде педагог-шеберге және құжаттар (портфолиоға) жіберіледі.  Бүгінгі таңда «Педагог-шебер» біліктілік санатына 1 педагог мәлімделді.

 2023 жылғы мамыр-маусым аралығында педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген адамдарды аттестаттау жөніндегі ақпарат

Сараптамалық кеңес 2023 жылдың мамыр, маусым айларында колледж педагогтарының 229 портфолиосын, оның ішінде «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына - 51, «педагог-сарапшы» - 75, «педагог-модератор» – 103 портфолиосын қарауға қабылдады.

         Тестілеуден өту кезінде жеткілікті балл жинамағандардың 2023 жылғы 6-19 шілде аралығында қайта тестілеуден өтуге құқығы бар екендігіне байланысты аттестаттау комиссиясының материалдарды қарауы және шешімдер шығаруы ағымдағы жылдың 30 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылатын болады.

         2023 жылдың тамыз айында Аттестаттау комиссиясының отырысы өтті, онда педагогтерге біліктілік санаттарын беру жөніндегі Сараптамалық кеңестің ұсынымдары қаралды.

         Аттестаттау комиссиясының шешімімен 195 кандидаттың ішінен біліктілік санаты:

         - «педагог - зерттеуші» - 35 педагог;

         - «педагог - сарапшы» - 59 педагог;

         - «педагог - модератор» - 96 педагог;

         - мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмеді – 5.

         Бұдан әрі аттестаттау қағидаларына сәйкес 2023 жылғы 29 тамызда ШҚО ББ біліктілік санатын беру туралы бұйрық шығарылды.

 

2024 жылғы маусым-қыркүйек аралығында педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау жөніндегі ақпарат

          2019 жылғы 27 желтоқсандағы «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес педагогтер аттестаттаудан өтеді, оның нәтижелері бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен біліктілік санаттары беріледі (расталады).

        «Білім және ғылым саласындағы өзге де азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламарын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығына сәйкес «Педагогтерді аттестаттауды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы»  ҚР ОАМ 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрығына өзгерістерді ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысында сараптамалық кеңес 2024 жылғы мамыр – қыркүйек аралығында колледж педагогтерінің 97 портфолиосын қарады, оның ішінде біліктілік санатына «педагог-зерттеуші» - 17, «педагог-сарапшы» – 80 портфолио (оның ішінде ПББ тапсырған 46 педагог, өндірістен 34 педагог).

          Тестілеуден өту кезінде жеткілікті ұпай жинамаған педагогтер 19 шілде мен 23 тамыз аралығында (2024 жылғы 16 шілдедегі №179 бұйрық), 23-28 қыркүйек аралығында (2024 жылғы 19 қыркүйектегі 270 бұйрық) ақылы негізде тестілеуден қайта өтуге құқылы.

        2024 жылғы 29 тамызда аттестаттау комиссиясының отырысы өтті және шешім шығарылды, соған сәйкес ПББ тапсырған және өз портфолиосын ұсынған 62 педагогтың 54 педагог мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келеді, 8 педагог мәлімделген біліктілік санатына сәйкес келмейді (оның ішінде 5 – педагог-сарапшы, 3 – педагог - зерттеуші), оларға мәлімделгеннен біліктілік санатынан төмен санат берілді.

Шығы  Қазақстан облысы білім басқармасының 2019 жылғы 20 қарашадағы №532 

            "Облыстың педагог қызметкерлерін аттестаттау туралы" бұйрығы 

             Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне "педагог-шебер",
             "педагог- зерттеуші","педагог-сарапшы" біліктілік санаттарын беру (растау) туралы 13.07.2021 ж 

             Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне "педагог-шебер",
             "педагог- зерттеуші","педагог-сарапшы" біліктілік санаттарын беру (растау) туралы 21.12.2021
ж

              Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары қызметкерлеріне "педагог-шебер",
             "педагог- зерттеуші","педагог-сарапшы" біліктілік санаттарын беру (растау) туралы 15.08.2022 ж
.

              ТжКБ ұйымдары қызметкерлеріне «педагог-зерттеуші», педагог-сарапшы», «педагог-модератор» біліктілік санаттарын беру (растау) туралы 29.08.2023 ж.