Біліктілікті жетілдіру
Біліктілікті арттыру курстардан өту туралы ақпарат
2023 жылы колледждердің 690 инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курстары жоспарланды, оның ішінде: «Talap» КЕАҚ арқылы – 403 адам (336 инженерлі-педагогикалық қызметкерлер, 67 колледж басшылары және олардың орынбасарлары), «НЗМ» АҚ Педагогикалық шеберлік орталығы - 264 адам, «Дене шынықтыру орталығы» РНП – 23 адам.
Ағымдағы жылдың маусым айынан қараша «Talap» КЕАҚ ұйымдастырған біліктілікті арттыру курстарынан «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру педагогтарының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбы бойынша 313 арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары әдіскерлерінің қызметін жетілдіру» тақырыбы бойынша 23 әдіскер өтті.
Сондай-ақ, ТжКБ ұйымдарының қызметін тиімді дамыту және басшылардың көшбасшылық, басқару құзыреттілігін дамыту мақсатында 2023 ж. қазан-қараша айларында «Білім берудегі менеджмент: қазіргі білім беру жағдайында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру басшысының тиімді стилі» тақырыбы бойынша 18 колледж басшысы, «Білім берудегі менеджмент: колледждің оқу үдерісінің сапасын басқарудың инновациялық стилі» 49 директорлардың орынбасары біліктілік арттыру курстарынан өтті.
НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығының филиалы ұйымдастырған жалпы білім беретін пәндер оқытушыларына арналған біліктілікті арттыру курстарынан 271 адам өтті.
Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында «Дене шынықтыру орталығы» РМҚК ұйымдастырған «Техникалық және кәсіптік білім беретін дене шынықтыру педагогтерінің кәсіби құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 14 дене шынықтыру оқытушысы өтті.