Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК

Басшы: колледж директоры Жанаева Шагангуль Алдамжаровна

Байланысатын тұлға: педагог-психолог  Куспанова Лаура Узакбаевна

Орналасқан жері: Семей қ., Валиханов к.,150

Орталықтың ашылған күні: 05  қараша 2015 ж.

 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж Y-PEER ресурс орталығы еріктілерінің салауатты өмір сүру салтын насихаттаудағы 2019 жылы жүргізген жұмыстарының есебі

 

М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжде Y-PEER  ресурс орталығы 5 қарашада 2015 жылы ашылды. Қазіргі уақытта ресурстық орталықтың құрамында 20 ерікті бар.

Ресурстық орталықтың мақсаты: Тең-теңіне ұстанымы әдіс-амалдарын дамыту және бағдарламаның тиімділігін арттыру. Жастар мен жасөспірімдерге өз денсаулықтары үшін жауапты шешім қабылдау мүмкіндерін үйрету. Жас мөлшері бойынша тең, өзара ең әдепті мәселелерді, соның ішінде өрбу денсаулығына және жұқпалы аурулар мәселелеріне қатысты сұрақтарды талқылау.

Міндеттері:

- Жастардың денсаулығын нығайту;

- Репродуктивті және сексуалды денсаулық пен құқықты қорғау;

- Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйрету;

- АИТВ және жыныстық жолдармен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу;

- Жастар мен жасөспірімдер арасындағы көшбасшылық қасиеттер мен волонтерлікті дамыту;

- Гендерлік теңдікті күшейту;

Көрсетілген мақсат және міндеттердің негізігді ресурстық орталық әртүрлі акциялар, тренингтер, мерекелік іс-шаралар, ойындар, сайыстар, т.б. ұйымдастырылуды және қалалық, облыстық, республикалық  деңгейде әртүрлі ұйымдар және бірлестіктермен тығыз белсенді қарым-қатынас орнатылып, әртүрлі жұмыстар жүргізілуде.

  • «Исток» жастар мен балалар шығармашылық орталығы;
  • «Жанұя» орталығы;
  • № 8 балалар үйі;
  • Қарттар үйі;
  • Жастар ресурстық орталықтары;
  • Семей станциясы ішкі істер желілік бөлімі;
  • Семей қаласының ішкі саясат бөлімі діни басқарма бірлестігі;
  • Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы
  • Семей медицина университеті
  • «Мейірім» еріктілер клубы

 

2019 жылы төмендегідей  жұмыстар жүргізілді:

03.03.2019 жылы  Y-PEER  ресурс орталығының еріктілері  дене тәрбиесі пән мұғалімдерімен бірлесіп М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері арасындаспортқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Relay For Live» спорттық ойын эстафетасы ұйымдастырылды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталды. Бас жүлде иегерлеріне сертификат табысталды. Сайысқа қатысушылар саны: 50, көрермендер саны: 57

19.03.2019 ж. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту және жастарды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға бағыттау мақстаныда «Наурыз»мерекесіне орай «Армысың, әз Наурыз!» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында колледж студенттері әртүрлі оюлардың үлгісін қиып, оны магниттік тақтаға ілді және салт-дәстүрге байланысты сұрақтарға жауап берді. Акцияға қатысушылар саны - 50

Сәуір айы көлемінде Y-PEER Kazakhstan  желісініңбастамасымен болған республикалық «Весенняя жара 2018» акциясына қатысып әртүрлі акциялар, тренингтер, сайыстар, т.б. ұйымдастырды. Мақсаты: Жастардың қажеттіліктеріне қоғам жұртшылығының назарын аударту. Y-PEER желісінің қызметтерін және сексуальды денсаулық пен репродуктивті денсаулықты  сақтау, жастардың репродуктивті құқықтарын қорғау принциптерін Қазақстанға тарату. Жастарға өздерінің мүмкіндіктері мен таланттарын дамыта және көрсете алатын, идеялары мен ойларын ашық айта алатындай орта ұйымдастыру. Атап көрсетсек:

11.04-19.04.2019 ж. Ресурстық орталық еріктілері Республикалық «Y-PEER  Kazakhstan  желісінің үздік дизайны» сайысына қатысып, футболка, кепка, грамота дизайндерінің үлгісін ұсынды;

11.04.2019 ж. колледж студенттеріне «Репродуктивті және сексуалды денсаулық, ерте жүктіліктің алдын-алу»  семинар-тренингі ұйымдастырылып,  қатысушылармен флешмоб биі орындады.Семинар-тренингке қатысушылар саны - 28

14.04.2019 ж. қалалық деңгейде «Сұрауға ұяласыңба? Оқып шық!» акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында Семей қаласының орталық саябағында, орталық алаңда, жағалауда жастар мен жасөспірімдерге репродуктивті денсаулыққа, контрацептивті заттарға, ерте жүктілікке, зиянды әдеттерге байланысты ақпараттар қамтылған кітапшалар таратылды. Акция барысында қамтылған жастар саны – 45.

«ИСТОК балалар мен жастар шығармашылық орталығының» ұйымдастыруымен болған «Марш парков 2018» акциясы негізнде колледж студенттеріне «Табиғатты қорғайық» тренинг ұйымдастырылып, табиғаттың маңызы туралы ақпараттар берілді. Тренингке 23 студент қатысты.

05.05.2019 ж. Семей қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған «Біз – темекісіз өмір үшін» акциясына қатысып, қала жастарына темекінің зияны туралы ақпараттар берді.

19.05.2019 ж. Республикалық «Бірге жарқыраймыз» экологиялық фестиваліне қатысып, Түйемойнақ аралында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Жыл көлемінде «Ұлттық волонтерлар орталығы» мен «Самрұқ-Қазына» АҚ бастасымен Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және тыл жұмысшыларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған Республикалық «Жеңіс» қайырымдылық жобасына қатысып, белсенді қатысқан волонтерлер «Грамотамен» марапатталды.

05.09.2019-07.09.2019 жж. Y-PEER  ресурс орталығының волонтері Ақылбекова |Мадина Алматы қаласындағы ұйымдастырылған «Алғашқы медико-санитарлық көмек» Республикалық семинарына қатысып, басқа да ресурстық орталықтардың жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасты;

21.09.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 115 жылдығына орай ұйымдастырылған халықаралық семинар-практикумында «Биология жүрек тілімен» тақырыбында ашық тренинг көрсетті;

12.10.2019 ж. М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінде «Егер денің сау болсың десен....»тақырыбында акция ұйымдастырылып репродуктивті және сексуалды денсаулыққа, контрацептивті заттарға, ерте жүктілікке, зиянды әдеттерге, жұқпалы ауруларға байланысты таратпа материалдар таратты;

20.10.2019 ж.  М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің 1 курс студенттеріне  Y-PEER ресурс орталығының мақсатымен, міндеттерімен, жұмыстарын презентациялады. Жастарды еріктілер қатарынақосылуға шақырып, салауатты өмір салтын ұстануға насихаттады. Қатысушылар саны - 230;

14.11.2019 ж. Y-PEER ресурс орталығы Семей қаласының медициналық университетінің дәрігер-интерндерімен бірлесе отырып «Менингиттің алдын алу шаралары» тақырыбында М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттеріне профилактикалық сағат ұйымдастырды. Қатсушылар саны - 35;

 

«Өскемен қызмет көрсету саласы колледжі» КММ

Басшы: колледж директоры Кусманов Батырхан Мухтарович

Байланысатын тұлға: педагог-психолог Меньшикова Елена Владимировна

Орналасқан жері:  Өскемен қ., Абай д., 10/1       

Орталықтың ашылған күні: 05 қараша 2015 ж.

 

Y-PEER қызметінің негізгі бағыттары:

* Жастардың денсаулығын нығайту;

* Жыныстық және репродуктивті денсаулықты және құқықтарды қорғау;

* Қауіпсіз жүріс-тұрыс дағдыларына үйрету;

* АИТВ және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) таралуының алдын алу);

* Жастар мен жасөспірімдер арасында көшбасшылық қасиеттерді және еріктілікті дамыту;

* Оқытуды "Тең-теңімен" әдісімен жылжыту»;

* Гендерлік теңдікті ілгерілету.

2019 жылы бірқатар іс –шаралар өткізілді: болашақ еріктілер үшін оқыту семинары және тренингтік жұмыс элементтері (Y-PEER қызметі туралы презентациялар мен роликтерді көрсету).

"Репродуктивті денсаулық – біз ол туралы не білеміз"тақырыбына тақырыптық онминуттықтар өткізу үшін материалдар әзірлеп, таратылды.

ШҚО СӨС орталығының өкілдерімен бірге бірінші курс студенттері үшін салауатты өмір салтының негізгі құрамдастарымен таныстырып, "Дене және психикалық денсаулықты нығайту"тақырыбында тренинг өткізді.

Өскемен көпсалалы колледжінің студенттерімен "Махаббат пен жауапты қарым-қатынас"атты тренинг өткізілді. Жастар үйінде тұратын студенттерге " Махаббат пен ғашық болу. Жауапты әрекет».

"Гедеон Рихтер" өкілдерімен бірге студенттерді ерте жүктіліктің алдын алу және контрацепция әдістерімен таныстырды.

Колледж студенттерімен Құмаш Нұрғалиева " Ерте жастағы  неке. Махаббат және ғашық болу».

Отбасы және балалықты қолдау орталығының өкілдері 3 курс студенттерімен "Мен өз жағдайымды қалай басқарамын"тақырыбында семинар өткізді.

Ақ Ниет  мүмкіндігі шектеулі мектеп – интернат базасында "Қарама-қарсы жыныспен тиімді қарым-қатынасты құру"тақырыбында тренинг өткізілді.

 

«Риддер аграрлық-техникалық колледжі»  КМҚК

Басшы: колледж директоры Асқаров Сұңқар Асқарұлы

Байланысатын тұлға: педагог-психолог Меркульева Надежда Анатольевна

Орналасқан жері:  Риддер қ., Островского көш., 65

Орталықтың ашылған күні: 31 мамыр 2016 ж.

 

 

Риддер қаласы жастарының репродуктивті денсаулығы бойынша ресурстық орталығының жұмысы бойынша есеп

Орталық базасында "Валеология" пәні бойынша 1 курс оқушыларымен жыныстық және репродуктивті денсаулықты қорғау бойынша күшейтілген компоненті бар сабақтар жүргізіледі – 2018-2019 оқу жылына оқушыларды қамту = 162 студент болды.

Ресурстық орталықтың негізгі белсенді тобы еріктілер болып табылады. 2018 жылдың қыркүйек айында Сенім ресурстық орталығын - 41 волонтер құрады

Іске асырылып жатқан жобалар: Квестомания-75 адам, қосымша 20 еріктілер. Іске асырудың басталуы: 2018 жылдың  тамыз айы.

"Жәй ғана  бірге" жобасы - Риддер қ. ЦВАН-ның кураторлығымен, 38 баланы қамтыған, 12 еріктілер (2017-2018 жылдары). Жобаны іске асырудың басталуы 2015 жылдың  мамыр айы.

  "Жеңіс" жобасына қосылу-12 ардагер мен тыл еңбеккерлері, 7 ерікті қамтылды.

Y-PeerRidder жобасы-тең әдіспен тренинг өткізу. Тақырып: салауатты өмір салты, репродуктивті денсаулықты қорғау, көшбасшылық әлеует, шығармашылық және креативтілік. Қала мектептерінің 9-10 сынып оқушыларымен және колледж студенттерімен жұмыс. 2017 жылы мектептердің 155 оқушысы (соның ішінде Риддер қ.мектеп интернатының 17 оқушысы) және колледждердің 139 студенті қамтылды. 16 ерікті қатысты.

2018 жылы колледждің 81 студенті қамтылды. Оқушылармен негізгі жұмысты іске асыру 2018 жылдың қазан-желтоқсан айларына жоспарланды.Жобаның жүзеге асыру бастамасы 2018 жылдың 31 мамыр Сенім Ресурстық орталығының ашылуымен басталады.

Жоба еріктілер Амбассадор-волонтерлықты насихаттау бойынша оқыту тренингтері. Мектеп-интернаттың 64 студенті мен оқушылары, 5 волонтер қамтылды. Волонтерлер мектебі жобасы-қалалық деңгейдегі волонтерлерді оқыту болды. Жобаны іске асырудың басталуы 2019 жыл. Жаңа волонтерлерді оқыту тренингі-27 мектеп пен колледж оқушылары. Тұрақты сабақтар екі аптада бір рет құрылды. 10 игі іс-шараны іске қосу-40 адам (қала тұрғындары), 12 еріктілер. Көгілдір лентаның акциясы-айналадағыларға алғыс белгісі ретінде-60 қала тұрғыны, 20 волонтер қамтылды.

Барлығы: қала және аудан тұрғындары санынан 921 адам қамтылды. 41 ерікті болды.

 

Телефон: 8(72336)56-815, 87055022564

e-mail: psiholog.ratk@mail.ru