Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 Шагалакова Шынар Амангельдиновна

 бас есепші

 

 

 

 

 

 

 Оспанбаева Зарина Мэльсовна​

 бухгалтерлік есеп бойынша экономист

 

 

 

 

Міндеттер мен қызметтер

                                            

  • Шоттардың жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарын ), типтік нысандар көзделмеген шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеу жөніндегі жұмысты басқарады, сондай-ақ, түгендеу жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, шаруашылық операциялардың жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясының және құжат айналымы тәртібінің сақталуы;
  • Бухгалтерлік есепті (айлық, тоқсандық, жылдық) жасау және оны белгіленген мерзімде уәкілетті органға уақтылы ұсыну;
  • Алдағы кезеңге бекітілген шығынтар сметасы шегінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша жылдық қаржыландыру жоспарын жасау. Қажеттілігіне қарай заңнаманың барлық нормаларын сақтай отырып, қаржыландырудың егжей-тегжейлі жоспарына өзгерістер енгізу;
  • Қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген рұқсаттар шегінде міндеттемелерді қабылдауға бақылауды жүзеге асыру;
  • Мүлікті, міндеттемелерді және шаруашылық операцияларды, келіп түсетін негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды және ақша қаражатын есепке алуды, олардың қозғалысымен байланысты операциялардың бухгалтерлік есеп шоттарында уақтылы көрсетілуін, өндіріс және айналым шығындарын, шығындар сметасын орындауды, өнімді сатуды, жұмыстарды (қызметтерді) орындауды, ұйымның шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін, сондай-ақ, қаржылық, есеп айырысу операцияларын есепке алуды ұйымдастырады.;
  • Алдағы кезеңге арналған шығындар сметасын жасау, негізделген есептеулердің қосымшаларымен бюджеттік өтінімді ұсыну, келісу, бюджеттің нақтылануына қарай жыл ішінде түзетулер енгізу;
  • Мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнаманы сақтау (бұдан әрі-МС);
  • Бухгалтерия құзыретіне жататын есепке алу және есептілік мәселелері бойынша ережелерді, нұсқаулықтарды, әдістемелік нұсқауларды есепке алуды жүйелеу;
  • Материалдық жауапты тұлғаларға олардың жауапты сақтауындағы құндылықтарды есепке алу және сақтау мәселелері бойынша нұсқау беру;
  • Ағымдағы кезеңге бюджетті атқару жөніндегі есептілікті уәкілетті органға уақтылы және дұрыс ұсыну;
  • Республикалық (жергілікті) бюджет қаражатын игеру жөніндегі жедел есептер;
  • Еңбек заңнамасы шеңберінде қызметкерлерге жалақыны уақтылы есептеу;
  • Еңбек заңнамасына сәйкес іссапар шығындарын төлеуді жүргізу;
  • Ұйымның бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, ұйымның балансындағы мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • Директор өткізетін жедел кеңестерге қатысу;
  • Өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеуге;
  • Қызметтік іс-әрекетті орындау барысында белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың барлық фактілері туралы директорды хабардар етуге;
  • Мүдделі ішкі және сыртқы пайдаланушылардың оның қаржы-шаруашылық қызметі мен қаржылық жағдайы туралы толық және дұрыс ақпарат алуы мақсатында бухгалтерлік есепті қою және жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға міндетті.