Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау, оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру, музыка саласына бейім балаларды одан әрі кәсіби және шығармашылық дамыту, дарынды жастарды анықтау, қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесімен бірлесіп, 2024 жылғы 28 наурызда жалпы білім беретін орта және музыка мен өнер мектебінің оқушылары, шығармашылық сарайларының тәрбиеленушілері арасында «Алтай жұлдыздары» облыстық байқауын өткізді.

          Байқауда қатысушылар «Аспаптық орындау» («Фортепиана», «Ішекті аспаптар», «Үрмелі аспаптар», «Домбыра», «Орыс халық аспаптары»), «Вокалдық өнер» («Жеке орындау», «Ансамбль», «Халық әні»), «Хореография», «Музыка-теориялық цикл» («Музыкалық әдебиет» «Сольфеджио»), «Көркем сөз» номинациялар бойынша өнерлерін көрсетті.      

          Байқау жеңімпаздары номинациялар және жас санаттары бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.