«Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» облыстық вебинары
ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 10 ақпанда ШҚО ТжКБ жүйесі оқу орындарының инженерлік-педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» облыстық вебинары өткізілді. Вебинар мақсаты - колледждердің оқу процесінде қашықтықтан білім беру әдістерін тиімді қолдану үшін озық әдістемелермен және амалдармен алмасу. Вебинар алаңында «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогтің ақпараттық құзыреттілігі» тақырыбында Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі педагогика пәнінің оқытушысы А.Е. Бекшойнова және «Ағылшын тілін қашықтықтан оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Г.С. Маметекова өз тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлердің баяндамалары мазмұнды презентациялармен сүйемелденгендігін айта кетуге болады. Вебинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұтымды пікірлерін айтты. Вебинар жұмысына барлығы 40-қа жуық адам қатысты.