Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді аяқ басқалы тұрған жас жеткіншектің алдында көптеген мамандықтың, оқу орнының ішінен өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Осы орайда, облысымыздағы барлық аудан мектептерінің 8-11 сынып оқушыларына қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтар туралы толық ақпарат беріп, мамандықты дұрыс  таңдауларына көмек беру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы аудандық және қалалық білім бөлімдерімен бірлесіп ағымдағы жылдың 26 ақпанынан бастап көшпелі стенд-моб «СтартПрофи - Shygys» мобильді тобының жұмысын бастады.

Аталған іс-шараға 14 колледждің және өңірдегі 1 жоғары оқу орнының өкілдері қатысуда.

Көшпелі стенд-моб «СтартПрофи - Shygys» мобильді тобының 1-ші бағытында  Самар, Күршім, Марқакөль, Зайсан, Тұғыл, Ақжар аудандарының 3000-ға жуық мектеп оқушылары мен NEET санатындағы жастарды  қамтылу жоспарланып отыр.

Стенд - моб мобильді тобының жұмысының нәтижесінде жастар бүгінгі таңда өңірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша толық ақпарат алып, болашақ мамандықтарын дұрыс таңдау мүмкіндігіне ие болады.