«Тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын пайдалану негізінде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру» II Халықаралық ашық білім беру форумы
Бүгін, 2022 жылғы 8 сәуірде Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында өткен «Тиімді білім беру әдістемелері мен технологияларын пайдалану негізінде болашақ маманның құзыреттілігін қалыптастыру» ІІ Халықаралық ашық білім беру форумы өз жұмысын аяқтады. Мақсаты – пікірталастар жүргізу, тәжірибе алмасу, ресейлік және шетелдік білім беру ұйымдарының әріптестерімен серіктестік орнату үшін нетворкинг форматында халықаралық ашық алаң құру. Қазақстан, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы колледждерінің өкілдері энергетика саласындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыру тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, «Студенттердің практикалық қызметін ұйымдастыру жағдайында базалық және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру» IT-технология және «Шығармашылықтан кәсібилікке» қызмет көрсету саласы бойынша 2 бағытта шеберлік сыныптарының сериясы өтті. Форум соңында «Инновациялық саясатты іске асыру. Тәжірибе. Практика. Тенденциялар» IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Форум жұмысына Қазақстан, Беларусь Республикасынан және Ресей Федерациясынан барлығы 66 колледж қатысты. Сондай-ақ, Нұрсұлтан, Алматы, Қаратау, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Өскемен, Семей және басқа да көптеген өңірлер мен қалалары тікелей байланыс арқылы Форум жұмысына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Шеберлік сыныбын онлайн форматта Google meet конференциясында немесе колледждің YouTube арнасынан көруге болады: https://youtu.be/mvjKxvJs6W0 Форумның барлық қатысушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз!