ШҚО колледждерінің 23 педагогі педагогикалық шеберлік орталығында жаңа бағдарлама бойынша оқыту әдістемесін игеріп шықты.
Жаһандану кезеңінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогтеріне білім беру мазмұнын жаңарту тұрғысынан маңызды міндеттерді шешу қажет болады, оның ішінде - сыни ойлай алатын бәсекеге қабілетті кадрларды оқыту және тәрбиелеу. Ол үшін педагогтер уақтылы өздерінің кәсіби біліктілігін белсенді түрде көтеріп отырулары қажет. ШҚО колледждерінің 23 педагогі педагогикалық шеберлік орталығында жаңа бағдарлама бойынша оқыту әдістемесін игеріп шықты. Балаларды оқыту оңай емес, бірақ әріптестерін шеберханада оқыту одан да көп уақыт пен жауапкершілікті қажет етеді. Бірақ бұл міндетті облыс колледждерінің жалпы білім беру пәндерінің 556 педагогін каскадты оқытқан тәжірибелі жаттықтырушылар сәтті орындауда. Оқу жылы ішінде ЖБП-ның жаңадан келген педагогтерімен жұмыс жалғасатын болады. Ұстаздар күнін және «Кәсіптік және техникалық білім беру қызметкерлері күнін» мерекелеу қарсаңында 23 жаттықтырушының еңбегі бағаланып, ШҚО білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Құрметті әріптестер, ШҚО кәсіптік білім беру орталығының ұжымы Сіздерді мерекемен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс, кәсіби шеберліктің өсуін тілейді!