Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бүгін, 2023 жылғы 2 қарашада, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы инженерлік саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІІ республикалық конкурсының 2 кезеңі басталды.

            Бұл байқауға Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, облыстарынан және Алматы қаласынан ТжКБ ұйымдарының 17 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысуда.

  Бүгін сайыскерлер 3 модульдің «Мен – SMART-инженермін» - көлемді цилиндрлік тісті берілісті жобалау бойынша тапсырмасын орындап,  4 модульде берілген тақырып бойынша технологиялық жабдықтар мен техникалық оқыту құралдарының көмегімен практикалық оқыту сабағының элементтерін көрсетті.