Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инженерлік саласы бойынша
Бүгін, 2022 жылғы 10 қарашада, Өскемен жоғары политехникалық колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инженерлік саласы бойынша кәсіби шеберліктің ІІ республикалық конкурсының 2-кезеңі басталды.Конкурстың мақсаты - дарынды арнайы пәндер оқытушыларын және өндірістік оқыту шеберлерін анықтау, оларды қолдау және көтермелеу, кәсіби және педагогикалық шеберліктерін арттыру. Конкурсқа еліміздің ТжКБ ұйымдарынан 14 арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері қатысуда. Атап айтқанда, Қарағанды машина жасау колледжі, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің инновациялық технологиялар колледжі, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі, Павлодар машина жасау колледжі, Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі, Жоғары түсті металлургия колледжі (Павлодар қ.), Жоғары техникалық колледжі (Көкшетау қ.), Жоғары техникалық колледжі (Щучинск қ.), Атырау индустриалды колледжі, Атырау энергетика және құрылыс колледжі, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі.Конкурстың 2-кезеңі 3 модульден тұрады: «Практикалық оқыту элементтерін көрсету»; «Мен-SMART инженермін»; «Өнеркәсіптік машиналар жабдықтарының ақауларын диагностикалау және жөндеу бойынша ситуациялық есепті шешу». Конкурстың барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!