«Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» облыстық вебинары
ШҚО кәсіптік білім беру орталығы 2022 жылғы 29 наурызда облыс колледждерінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері үшін «Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» онлайн вебинарын өткізді.
Мақсаты - ең озық әдістемелер мен тәсілдер тәжірибесімен алмасу, қашықтықтан білім беру технологияларын колледждердің оқу процесінде тиімді қолдану.
Бүгінгі вебинар алаңында жаратылыстану пәндері және педагогикалық бағыттағы облыстық әдістемелік бірлестіктерінің педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті, атап айтқанда:
- Комаева Маржан Сейфуллаевна, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің педагогика және психология оқытушысы («Топтық жұмысты ұйымдастыруда Castlots, Wordwall, Webquest интерактивті құралдарын пайдалану»);
- Куспанова Лаура Узакбаевна, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің химия және биология пәнінің оқытушысы («Қашықтықтан оқу шеңберінде оқу платформаларының тиімділігі»);
- Ташметова Айман Нуртаевна, Шығыс Қазақстан технологиялық колледжінің химия және биология пәнінің оқытушысы («Химияны оқытуда қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру»).
Іс – шара соңында тиісті ұсынымдар қабылданды.