«Қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы»
2023 жылғы 2 мамырда «Қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы» еңбекті қорғау бойынша облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы шығарылды. Олимпиада ШҚО кәсіптік білім беру орталығы және Алтай қаласының технологиялық колледжімен бірлесіп, колледж директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Олимпиаданың 1 және 2 турларында қатысушылар GoogleForms бағдарламасында электрондық тестілеуден өтіп, ситуациялық есептерді шығарды. 3-турда қатысушылар «Мамандық бойынша қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бейнеролик жасады.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындардың иегерлері анықталды:
1 орын - Шанцев Данил Романович (Алтай қаласының технологиялық колледжі);
2 орын - Бобров Артур Николаевич (Өскемен жоғары политехникалық колледжі);
3 орын - Власов Дмитрий Павлович (Алтай ауданының ауылшаруашылығы колледжі).