«Үздік педагог» республикалық байқауының өңірлік кезеңі
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Үздік педагог» республикалық байқауының жыл сайынғы дәстүрлі облыстық кезеңін өткізді.
«Үздік педагог» конкурсы көптеген жылдар бойы педагогтердің жеке жетістіктерін бағалау ғана емес, сонымен қатар педагогтің білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі, оның жұмысының тиімділігі және кәсіби шеберлігі ескеріледі.
Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері – педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді ынталандыру, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда мүмкіндіктерді кеңейтетін стандартты емес педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды іздеу.
Байқау үш кезеңнен тұрады: І кезең — аудандық, қалалық деңгей; ІІ кезең — облыстық; ІІІ кезең — республикалық.
Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша конкурстың республикалық кезеңіне 5 педагогтен 80-нен астам балл жинаған 3 педагог қатысады:
1.Акимбаева Жанар Норлановна - ШҚО білім басқармасының «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;
2.Булатова Динара Булатовна - ШҚО білім басқармасының «Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер училищесі» КМҚК арнайы пән (домбыра) оқытушысы;
3.Омариева Лунара Акылбековна - «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғарғы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.
Республикалық деңгейде қатысатын жүлдегерлерге жеңістер тілейміз!