Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы IT бағыты оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес Риддер  колледжімен  бірлесіп, 2023 жылғы 11 мамырда  ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқу орындарының студенттері арасында  «Сандық серпіліс – 2023» облыстық қашықтық конференциясын өткізді. Мақсаты: білім алушылардың зияткерлік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін анықтау және дамыту үшін жағдайлар жасау, зерттеу қызметіне қызығушылықты дамыту. Конференция келесі бағыттар бойынша өтті: өндірістік және қоғамдық қызметтің әртүрлі салаларындағы ақпараттық технологиялардың жетістіктері, білім алушылар құрған бағдарламалық өнімдерді кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметіне енгізу. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Құттықтаймыз!!!