«Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» облыстық вебинары
2022 жылғы 16 наурызда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы облыс колледждерінің инженерлік-педагогикалық қызметкерлері үшін «Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалану арқылы оқытудың үздік тәжірибесін трансляциялау» онлайн вебинарын ұйымдастырды.
Бүгінгі вебинар алаңында қазақ тілі мен әдебиеті оқытушыларының, физика-математикалық пәндер және педагогикалық бағыттағы оқытушылары облыстық әдістемелік бірлестіктерінің педагогтері өз тәжірибелерімен бөлісті, атап айтқанда:
- Мусина Кулшат Сыздыковна, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі пәнінің оқытушысы («Қазіргі қазақ тілі және оқыту әдістемесі, каллиграфия пәнін оқытуда болашақ маманның АКТ құзыреттілігін қалыптастыру»);
- Сарсекова Гульжан Кусмановна, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы («Қашықтықтан оқыту жағдайында «Педагогика» пәнінен студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру»);
- Искакова Куляш Аскаровна, М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі математика пәнінің оқытушысы («Математика пәнінде АКТ мен әр түрлі бағдарламаларды қолданудың тиімділігі»).
Семинарға қатысушылар барлық спикерлерге педагогикалық тәжірибелерімен бөліскендері үшін алғыстарын білдірді.
Вебинар жұмысына колледждердің 50-ге жуық педагогы қатысты.