Құрметті талапкерлер!
Шығыс Қазақстан облысында 2023-2024 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 6630 орынды құрайтын мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі бекітілді, оның ішінде:
- облыстық бюджет есебінен 3730 орын;
- 9 сынып негізінде талапкерлерді қабылдауға арналған республикалық бюджет есебінен 2900 орын.
Сонымен қатар, 2024-2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің облыстық бюджет қаражаты есебінен 905 орын колледждер мен жұмыс берушілер арасында екі жақты шарт болған жағдайда нысаналы мемлекеттік тапсырысқа жіберілді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 Бұйрығы) негізінде тұлғалардың ТжКБ ұйымдарында оқуға өтініштерін қабылдау:
1) білікті жұмысшы мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;
2) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
vko abiturient kz порталында өтінім беру бойынша нұсқаулық
https://www.youtube.com/watch?v=oo1A-zfmOFY