Кәсіптік бағдар беру жұмысы жалғасуда
Облыстық білім басқармасының кәсіптік бағдар беру мақсатында құрылған көшпелі стенд моб «СтартПрофи-Shygys» мобильді тобының екінші бағыты ағымдағы жылдың 4 наурызынан бастап Катон-Қарағай, Үлкен-Нарын аудандарының және Алтай қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырып, өңіріміздегі сұранысқа ие мамандықтары жайлы толық ақпарат беруде. Бұл іс-шара оқушылардың мамандық таңдауларына үлкен септігін тигізуде.
Мобильді топ жұмысының келесі бағыттары Риддер қаласы, Глубокое, Шемонаиха және Ұлан аудандарында жалғаспақ.