Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ағымдағы жылдың   21- 26 наурыз аралығында «Abilympics» халықаралық чемпионаты аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар арасында Мец қаласында (Франция) кәсіби шеберлік жарысы өткізілді. Жарыстың негізгі мақсаты - кәсіптік бағдарлау және сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді игеру, сондай-ақ кәсіби шеберлікті дәріптеу үшін жаңа мүмкіндіктер жасау. Жарысқа екі құзыреттілік бойынша Өскемен қызмет көрсету колледжінің студенттері қатысты: жиһаз өндірісі (Суслов Сергей Олегович) және шаштараз өнері (базалық) (Каратаева Дарина Ахатаевна). Іс-шара аясында қатысушылар мен олардың жетекшілері үшін дөңгелек үстел, мәдени бағдарлама, шеберлік сыныптары өткізілді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғалар арасында кәсіби шеберлік бойынша жарыстың барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етілді. Халықаралық чемпионатқа қызығушылық танытып, қатысуға ниет білдірген барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз!