Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысының экономикасын білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2025 оқу жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім, өнер, әлеуметтік ғылымдар және ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл және орман шаруашылығы, медицина және инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары бойынша техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға 6630 орын бөлінді.

Құжаттарды қабылдау ағымдағы жылғы 25 маусым мен 25 тамыз аралығында колледждер базасында және https://vko-abiturient.kz/ ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты 8/7232/701-025 телефоны арқылы алуға болады.

2024-2025 оқу жылына мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі