«AgroSkills-2025»
Бүгін «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткен «AgroSkills-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауының «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша кезеңі өз мәресіне жетті. Байқау 29-30 қыркүйек күндері Қостанай облысындағы Әулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің базасында өтті.
Байқау алаңында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген дарынды да мақсатшыл студенттер бас қосып, өз білімдері мен шеберліктерін көрсетті.
Біздің өңіріміздің намысын Шығыс Қазақстан көпсалалы колледжінің студенті Құмарбеков Арнұр Ерболұлы абыроймен қорғап, “Medallion for Excellent” медальонын иеленді.
Арнұрды лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!








