Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Шығыс Қазақстан облысы кәсіптік білім беру орталығы «ТжКБ-ның 80 жылдығы» мен «Мұғалімдер күнін» мерекелеу аясында облыс колледждерінің арасында бірқатар іс-шаралар өткізді. ШҚО білім басқармасы 2020 жылдың 28 қыркүйегі мен 05 қазан аралығында Facebook, Instagram және Telegram әлеуметтік желілерінде, YouTube арнасында, сондай-ақ, колледж сайттарында «Мұғалім – мәртебелі мамандық!» акциясын ұйымдастырды. Бұл акцияға Шығыс Қазақстан облысының 79 колледжі қатысты.
Көшбасшылар қатарында:
1) Д. Серікбаев атындағы жоғары IT колледжі;
2) Геологиялық барлау колледжі, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Риддер аграрлық техникалық колледжі;
3) Жастар колледжі, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі, Радиотехника және байланыс колледжі.
Облыс колледждері «Жүрегімнің колледжі» және «Менің бас ұстазым» бейне-сабақтар мен челлендждер конкурстарына белсене қатысты. Аталған материалдар облыстық әдістемелік бірлестіктерде (ОӘБ) бейіндер бойынша қаралды.
«Менің жүрегімнің колледжі» челлендж-эссе мазмұнының тереңдігімен ерекшеленді: 1 және 3 орындарды «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі С. Садыкова, Н. Казбек; 2 орынды «Өскемен экономика және қаржы колледжі А. Нурланова иеленді.
«Менің бас ұстазым» челленджін студенттер өткізді. Бұл байқауға облыстың барлық колледждері белсенді қатысты. Облыстық әдістемелік бірлестіктер (ОӘБ) осы байқауда үздік деп танылды:
1) Өскемен жоғары медициналық колледжі, Серебрянск технологиялық колледжі;
2) Риддер аграрлық техникалық колледжі;
3) Бизнес және сервис колледжі.
Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің және М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің болашақ педагогтері «Мен неге мұғалім мамандығын таңдадым?» бейне-сұхбат құттықтауын жасады.
Бейне-сабақтар сайысында дене шынықтыру пәнінің педагогтері ерекшеленді: 1 және 3 орын - М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі - А. Нубараков, С. Тохтарбек; 2 орын - Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі С. Ойратқызы. Арнайы пәндер бойынша бейне-сабақтар байқауында Электротехникалық колледжі педагогтерінің көшбасшылары анықталды,1 орын – Я. Шишкарев, 2 орын - С. П. Керимов, 3 орынды Семей медициналық колледжінің педагогтері – Д.Төлеуханов және Көлік колледжі - Е. Истемесов иеленді.