Еңбек күніне арналған «Өз ісінің шебері» акциясы
2020 жылғы 24 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы жастар арасында кәсіптік мамандықтарды таңдауды насихаттау, қазіргі нарықтық жағдайда жұмыс мамандықтарының беделін арттыру, сондай-ақ студенттерді жұмыспен қамту мақсатында Еңбек күніне орай «Өз ісінің маманы» атты акциясын өткізді. Ісшара келесі құзыреттілік орталықтардың базаларында өтті: - «Дәнекерлеу ісі» және «Аспаптар мен автоматиканы механикалық өңдеу» бағыттары бойынша Өскемен қаласының көпсалалы технологиялық колледжінде; - «Мехатроника, IT-мамандықтар, электроника» бағыттары бойынша Өскемен қаласының жоғары политехникалық колледжінде. Колледж студенттеріне «УК ТЭЦ» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «УМЗ» АҚ, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС, «ROST» ЖШС және т.б. облыстың жетекші кәсіпорындары мамандарының қатысуымен тәжірибелік сабақтар өткізілді. Акция барысында студенттер өздерінің мүмкіндіктері мен практикалық дағдыларын көрсетіп, облыстың жетекші кәсіпорындарында практикалық оқудан өту мүмкіндігіне ие болды.