Тамыз кеңесі: Панельдік секциялар жұмысы
2025 жылғы 22 тамызда Өскемен технология және сервис колледжінің базасында «Білім келешегі: Адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру педагогтерінің панельдік секциялары өтті.
Іс-шараға колледждердің директор орынбасарлары, әдіскерлер, арнайы пән оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.
«Кадрлар даярлау сапасын қамтамасыз ету: стратегиялар, құралдар және серіктестік» секциясы. Бұл секцияда әдіскерлер мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлар кадрлар даярлау сапасын арттырудағы әдістемелік қызметтің рөлі, авторлық әзірлемелерді енгізу, ғылыми тәсіл мен кәсіби модульдердің байланысы, сондай-ақ демонстрациялық емтихан, WorldSkills байқауына қатысудың маңызы туралы талқыланды.
«Өндірістік оқытуды ұйымдастыру: тәжірибе, қиындықтар, құралдар» секциясы.
Арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері өндірістік оқытуды жоспарлау, кәсіпорындармен серіктестік орнату, тәжірибелік дағдыларды бағалау құралдары және педагогтердің өндірістік тәжірибеден өтуі сияқты өзекті тақырыптарды талқылады.
«2025–2026 оқу жылында ТжКББ жүйесінде адал азамат тәрбиелеу» секциясы.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар «Адал азамат» бағдарламасының жүзеге асырылуы, жаңа оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспары, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары, сондай-ақ Құмаш Нұрғалиевтің 100 жылдығына арналған іс-шаралар төңірегінде пікір алмасты.
Әр секция жұмысы жаңа оқу жылындағы маңызды басымдықтарды айқындап, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларды талқылауға мүмкіндік берді.








