Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Ұстаздардың төл мерекесіне орай КСРО халық ағарту ісінің үздігі,

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі Асқар Ислямов атындағы

«Үздік педагогикалық эссе» облыстық байқауы

 

Шығыс Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім беретін оқытушылардың төл мерекесіне орай «Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы» КММ мен «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі» КМҚК  ұйымдастыруымен 2022 жылдың 28  қыркүйек күні  сағат 10.00-де  «Еңбек ардагері», «Үздік еңбегі үшін», «Отан соғысы кезіндегі тылдағы үздік еңбегі үшін» медальдарының және «Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Халық ағарту ісінің үздігі. Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасының ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Кеңестік Социалистік Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі  атақтарының иегері А.Ислямов атындағы «Үздік педагогикалық эссе» облыстық байқауы өткізіледі. Жеңімпаз деп танылған оқытушылар Шығыс Қазақстан облысы  кәсіптік білім беру орталығының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және Ислямовтар әулетінің демеушілігімен қаржылай сертификаттарымен марапатталады. Байқаудың мақсаты - педагогтарға білім берудегі педагогтің рөлі туралы, өскелең ұрпақты білім беру және тәрбиелеу туралы өз ойлары, көзқарастары мен идеяларын айтуға мүмкіндік беру;

-  талантты және шығармашылық педагогтарды анықтау, олардың өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;

- мұғалім, педагог мамандығының беделін арттыру;

- бірегей педагогикалық тәжірибені тарату.

Қосымша ақпарат: Өскемен қаласы, Қ.Бітібаева көшесі 1, «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі»  КМҚК, байланыс  телефоны 8/7232/540-115

Жауапты: директордың ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Жакашев Ринат Макенович, 8776-007-01-79