Баршаға арналған кәсіби-техникалық білім беру
«Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба – «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын. Яғни, мемлекет әрбір адамға алғашқы мамандық беруге міндеттеледі. Мектепті бітірген жас адамға келіп алғашқы мамандықты алу ғана қалады.»
Н. Назарбаев, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауы.
2015 жылғы 30 қаңтар
Қазақстанда кәсіпорындарда жұмыс істейтін жаңа кадрларды даярлауға көп көңіл аударылады. ҚР президентінің тапсырмаларын ескере отырып «Барлығына арналған тегін кәсіби-техникалық білім» жобасын іске асыру аясында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырысына ШҚО Білім басқармасы 2016-2017 оқу жылына 4666 орын бөлді, оның ішінде 3306 орын жұмыс біліктілігі бойынша, 1195 орын ауыл колледждеріне.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 2016-2017 оқу жылына арналған орындар саны:
Оқу орнының атауы |
Мемлекеттік тапсырыс бойынша 2016-2017 оқу жылына арналған орындар саны |
Қабылдау комиссиясының байланыс телефондары |
«Өскемен көп салалы технологиялық колледжі» КММ |
200 |
8(7232) 753-952, 753-892 |
«Өскемен құрылыс колледжі» КММ |
175 |
8(7232) 752-942 |
«Өскемен қызмет көрсету саласының колледжі» КММ |
195 |
8(7232) 221-144, 221-042 |
«Риддер көпсалалы колледжі» КММ |
125 |
8(72336) 56-973 |
«Зырян технологиялвқ колледжі» КММ |
105 |
8(72335) 71-001 |
«Индустриалды-технологиялық колледж» КММ |
120 |
8(7222) 671-714, 671-716 |
«Серебрянск технологилық колледжі» КММ |
75 |
8(72337) 21-389, 22-268 |
«Күршім колледжі» КММ |
75 |
8(72343) 21-654 |
«Жарма технологиялық колледжі» КММ |
100 |
8(72345) 21-973 |
«Глубокое аграрлық колледжі» КММ |
125 |
8(72331) 31-943, 31-953 |
«Шемонаиха колледжі» КММ |
100 |
8(72332) 30-515 |
«Зайсан технологиялық колледжі» КММ |
100 |
8(72340) 2-10-15 |
«Бесқарағай колледжі» КММ |
70 |
8(72236) 91-103 |
«Самар аграрлық-техникалық колледжі» КММ |
75 |
8(72333) 31-095 |
«Тарбағатай колледжі» КММ |
75 |
8(72346) 21-569 |
«Катонқарағай аграрлық техникалық колледжі» КММ |
100 |
8(72341) 27-060, 21-970 |
«Үржар колледжі» КММ |
100 |
8(72230) 36-065 |
«Абай колледжі» КММ |
100 |
8 (72252) 91-823 |
«Зырян ауыл шаруашылық колледжі» КММ |
50 |
8(72335) 27-172, 56-000 |
«Бородулиха колледжі» КММ |
50 |
8(72351) 32-332 |
Жалпы білім беретін мектептің және кәсіби білім бағдарламаларының есебінен үздіксіз кәсіби білім бағдарламаларын іске асыру арқылы жұмыс кадрлары және мамандарды дайындаудың сапасын арттыру мақсатында ШҚО білім басқармасы «Мектеп-Интернат-Колледж» жобасын бастады.
«Мектеп-Интернат-Колледж» тәжірибесінің негізгі идеясы жалпы білім және орта кәсіби білімді қолдау интеграциясы есебінен үздіксіз кәсіби білім негізінде бірыңғай білім кеңістігін ұйымдастыру болып табылады.
ҚР Білім және ғылым министрлігі ШҚО Білім басқармасының облысқа тәжірибе алаңы мәртебесін беру туралы ұсынысын қолдады. Енді аталған жоба облыстың үш колледждерінің базасында іске асырылуды, бұл «Өскемен политехникалық колледжі» КМҚК («Иілгіш автоматты жолақтар», «Өнеркәсіптегі электромеханикалық құрылғылар» мамандықтары бойынша), «Гуманитарлық-техникалық колледж» НУ («Іс қағаздарын жүргізу және мұрағат», «Автомобиль жолдарына техникалық қызмет ету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша) және «Күршім колледжі» КММ «Есеп және аудит», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша.
ШҚО Білім басқармасы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасымен бірлесіп Жол картасы-2020 аясында 10 ресурстық орталықтар базасында қажетті жұмыс мамандықтары бойынша курстық дайындықтар өткізуде. 2016 жылдың мамыр айынан бастап 236 адам қысқа мерзімді курстардан өтті, оқуды 14 жұмыс біліктілігі бойынша 28 топ оқыды.