«Қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы»
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы теориялық білім деңгейін арттыру, өмір қауіпсіздігі жағдайларын жақсарту және колледж студенттері жарақаттануының алдын алу мақсатында, 2023 жылғы 28 сәуірде «Қауіпсіз еңбек – әр адамның құқығы» еңбекті қорғау бойынша облыстық қашықтық олимпиадасының ашылуы өтті. Олимпиада ШҚО кәсіптік білім беру орталығы мен «Алтай қаласының технологиялық колледжі» КММ бірлесіп, колледж директорларының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді. Олимпиаданың 1 және 2 турларында қатысушылар GoogleForms бағдарламасында электрондық тестілеуден өтіп, ситуациялық есептерді шығарды. 3-турда қатысушылар «Мамандық бойынша қауіпсіздік ережелері» тақырыбында бейнеролик жасайды. Олимпиаданың қорытындысы ағымдағы жылғы 02 мамырда жарияланады.