«Білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» өңіраралық қашықтықтан педагогикалық конференциясы (халықаралық қатысумен)
ШҚО кәсіптік білім беру орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 30 қазанда Өскемен жоғары политехникалық колледжімен бірлесіп «Білім беруді дамытудың қазіргі заманғы үрдістері» өңіраралық қашықтықтан педагогикалық конференциясы (халықаралық қатысумен) өтті. Конференцияның мақсаты - қазақстандық білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында педагогикалық қызметтің өзекті мәселелерін талқылау. Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізілді: «Білім беру процесінің негізгі бағыттарын жоспарлау және іске асыру», «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін білім беру технологиялары», «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту перспективалары», «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру. Білім беруді ұйымдастыру мен сапасына сыртқы жағдайлардың әсері». Конференцияға Мемлекеттік гуманитарлық-технологиялық университетінің өнеркәсіптік-экономикалық колледжі (Орехово-Зуево қ., Ресей Федерациясы), Бішкек техникалық колледжі (Қырғызстан), Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі, Х. Өзбекәлиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі, Текелі кәсіптік колледжі, Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің өкілдері, сондай-ақ өңір колледждері қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 80-нен астам адамды құрады. Конференция қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға ШҚО кәсіптік білім беру орталығының және Өскемен жоғары политехникалық колледжінің электрондық сертификаттары таратылады, сондай-ақ педагогикалық конференцияның электрондық мақалалар жинағын басып шығару жоспарлануда.