Қаріп өлшемі
  • A
  • A
  • A

"Шығыс Қазақстан облысының кәсіптік білім беру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2023 жылғы 27 ақпанда ШҚО кәсіптік білім беру орталығы қоғамдық ғылымдар негіздері облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан-Американдық  еркін университетінің Жоғары колледжімен бірлесіп ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің 2-3 курс студенттері арасында «Болашақ заңгер» облыстық конкурсын өткізді. Мақсаты: «Құқықтану» мамандығы бойынша оқитын бәсекеге қабілетті талантты студенттерді анықтау және көтермелеу. Байқауға барлығы 4 команда қатысты: «Детектив» (С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі),  «Территория права» (Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі), «Элементарно!» (Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі), «Территория закона» (С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Жоғары колледжі). Байқау келесі турлар бойынша өткізілді. Командалар «Менің мамандығым – менің мақтанышым» тақырыбында бейнероликтер ұсынды, құқық салалары бойынша ситуациялық тапсырмаларды орындады, іс жүзінде өздерінің криминалистік дағдыларын қолдана отырып жұмыс жасады. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлде, номинациялар мен жүлделі орындардың иегерлері анықталды:

Бас жүлде -  «Детектив» командасы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі;

1 орын  - «Территория права» командасы, Құмаш Нұрғалиев атындағы Жоғары колледжі;

2  орын – «Элементарно!» командасы, Қазақстан-Американдық еркін университетінің Жоғары колледжі;

3 орын  - «Территория закона» командасы , С. Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі.

Құттықтаймыз!