Әлеуметтік желілерде #Бізбіргеміз #Үйдеболыңыздар #Барлығынжеңеміз челленджі басталды
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы мен Кәсіптік білім беру орталығы студенттік жастар мен колледждердің педагогикалық ұжымдарының бастамасын қолдап, 2020 жылдың 20 сәуірінен бастап әлеуметтік желілерде #Бізбіргеміз #Үйдеболыңыздар #Барлығынжеңеміз челленджін бастады.
Марафон жылдам қарқын алып, эстафетаны С. Аманжолов атындағы ШҚМУ жоғары колледжінің студенттері мен ұстаздары бастап, Радиотехника және байланыс колледжі, Бизнес және сервис колледжі, Геологиялық барлау колледжі, Электротехникалық колледжі, Семей қ. құрылыс колледжі, Р. Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі, Өскемен жоғары политехникалық колледжі, Халық әртістері ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер училищесі, М. Тулебаев атындағы музыкалық училищесі, Аягөз политехникалық колледжі және көптеген колледждер жалғастырды.
ШҚО колледждері бірнеше күн бойы қашықтықтан оқыту тәжірибесімен және әсерлерімен бөлісіп келеді және ешқандай вирус білім жолында кедергі бола алмайтынын дәлелдеді.
Колледждер қашықтықтан оқыту тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, мектеп түлектері мен олардың ата-аналары үшін өз оқу орындарын жарнамалап өтті. Өйткені мыңдаған жоғары сынып оқушылары қазір өз өміріндегі маңызды қадам - болашақ мамандықты таңдау жолында.
ШҚО колледждерінің студенттері карантинге байланысты енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарап, педагогтердің қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы берген білімдерін ризашылықпен қабылдап, білім беруде цифрландырудың барлық жаңа артықшылықтарын қолдануда. Челлендж ШҚО колледждерінің студенттері мен педагогтері цифрлық колледжге дайын екенін көрсетті. Алдағы уақытта студенттер мен педагогтер оқу мен демалысты қатар алып жүруге болатынын және бос уақыттарын қалай өткізіп жатқандарын көрсетеді. Бұл - кезекті челленджде! #BizBirgemiz #үйдеқалыңыздар